Нұр-Сұлтанда жұмыс тобы кеңесуде

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында «Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» халықаралық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ТХКБ-ны дамыту жөніндегі Жұмыс тобының жалпы жиналысы басталды.

Аталған отырыс шеңберінде күн тәртібінде негізгі бірнеше мәселеге басымдық берілуде. Біріншісі, қазақстандық «Астық транс» АҚ-ның ассоциацияланған мүшесі ретінде Ассоциацияға кірігуі бойынша мәселені қарастыру. Екіншісі, Каспий теңізі порттары арасында фидерлік кемелердің қатысуымен тікелей халықаралық теміржол-су қатынасында контейнерлік тасымалды ұйымдастыру туралы Келісім мәтінінің соңғы нұсқасын келісу, үшіншісі, ТХКБ бағдары бойынша контейнерлік пойыздар құрамында жүк тасымалын ұйымдастыру барысында жауапкершілік шаралары және өзараәрекеттесу туралы Келісімнің қосымшаларымен бірге мәтінінің соңғы нұсқасын, сондайақ, тағысын тағы мәселелерді қарастыру болмақ.

Сонымен қатар жалпы жиналыс шеңберінде бүгін Каспий теңізі порттары арасында фидерлік кемелердің қатысуымен тікелей халықаралық теміржол-су қатынасында контейнерлік тасымалды ұйымдастыру туралы, ТХКБ бағдары бойынша контейнерлік пойыздар құрамында жүк тасымалын ұйымдастыру барысында жауапкершілік шаралары және өзараәрекеттесу туралы келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.