Еліміздегі барлық станцияларда үш айлық шара басталды

“ҚТЖ-Жүк тасымалы” АҚ бойынша 15 мамырдан бастап “Темір жол станциясының сапалы техникалық тарату акті (ТТА) – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілі” атты үш айлық шара басталды.

Станцияның ТТА-сі пойыздарды жөнелту және өткізу, сонымен қатар кедергісіз әрі қауіпсіз қабылдауды қамтамасыз ететін техникалық құралдарды қолдану тәртібін, маневрлік жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ретін бекітеді.

Еліміздегі барлық станцияларда өткізілетін айлық шеңберінде станция ТТА-сі мен оның қосымшасын жасау бойынша жауапты тұлғалардың білімі тексерілмек. Маңызды айлық 15 тамызда аяқталады.

Техникалық тарату актісі құрамына 4 бөлім кіреді. Бірінші бөлімде станцияның қысқаша сипаттамасы көрсетіліп, станция класы, байланыс және белгі беру құрылғылары, кіреберіс жолдың дамуы, станция жолдарының сыйымдылығы, байланыс желілері туралы деректер келтіріледі. Екінші бөлімде пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысшылардың міндеті анықталады.

Ал үшінші бөлімде маневрлік локомотивтер жұмысының ауданы, станцияның әр ауданындағы маневрлік қозғалыстың ерекшеліктері туралы мәліметтер және т.б. деректер келтіріледі. Соңғы бөлімде станция қызметкерлерінің жеке бас қауіпсіздігі техникасы жөніндегі шаралар жайы айтылады.

Техникалық тарату актісін станция бастығы жасайды, ал қозғалыс ревизоры тексеріп, бекітеді.