Маңғыстауда вагондар санағы жүруде

Осы аптада Маңғыстау ЖТ бөлімшесінде жүк паркіндегі жалпы желілік вагондар санағы жүргізілді.

Мамандардың айтуынша, вагондар санағын жүргізудегі басты міндет – жүк тасымалын дұрыс жоспарлау үшін парк саны мен оның жағдайы туралы нақты деректер алу. Бұл жұмыс жыл сайын мамыр айында жүзеге асырылады.

Жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітовтің айтуынша, санақты жүргізу үшін станцияларда «Қазтеміртранс» АҚ өкілдері мен вагон пайдалану депосы және станция қызметкерлерінен 300-ге жуық адамнан тұратын 81 санақ бригадасы құрылған. Жүк паркінің филиал шегінде тұрған барлық вагондардың теңгерімдік болуы қамтылды.