Аймақта үздік атанды

Маңғыстауда «2019 – Жастар жылы» аясында мемлекеттік және бюджеттік мекемелер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа аудан орталығынан және ауылдық округтерден спортшылар, соның ішінде теміржолшылар командасы да қатысты.  

Жалпы, бұл додаға Мұнайлы ауданы бойынша 10 команда, атап айтсақ, Маңғыстау станциясындағы ЖПб, Маңғыстау энерго, Басқұдық, Қызылтөбе, Батыр, Дәулет ауылдары, сот, Мұнайлы ауданы аппараты, ҚТЖ және ЦОН белсенділері қатысып, олар А, Б және В топтарында өзара бақ сынасты. Жарыс барысын бірнеше төреші бақылап отырды және медициналық қызметкерлер кезекшілікте болды.

Төрт күнге созылған тартысты ойында ҚТЖ жастарының тұғыры биік болды. Соңғы ойын наурыз айының 10-ы өтіп, бұл кезде Басқұдық және Батыр ауылдары әкімдігі атынан қатысып отырған ойыншылар 3-орынға үміт артса, финалға Маңғыстау энерго мен ҚТЖ жастары шықты. Жарыс қорытындысы бойынша, барлық кедергілерден сүрінбей өтіп, қарсыластарын шаң қаптырған ҚТЖ жастарынан құрылған команда – 1-орын, Маңғыстау энерго командасы – 2-орынды, Басқұдық ауылының жастар командасы 3-орынды иемденді. Ал жеңімпаз команданың сыйлықтары қандай? Кімдерге берілмек? Бұл сұрақтардың жауабы

енді наурыз мерекесінде ұйымдастырылатын іс-шаралар барысында жеңімпаз командалар тиісті сый-құрметке ие болып, үздік ойыншы, үздік қақпашы, үздік қорғаушы, үздік шабуылшы номинациялары бойынша да марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталмақ.

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау