Осы жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-тың 4300-ден астам қызметкері оқытылатын болады

Локомотив және вагон шаруашылығының 2000 тарта қызметкері «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол көлігі қызметкерлерін дамыту және оқыту орталығында, Ақтөбе, Павлодар, Тараз және Қарағанды-Қырқыншы станциясы оқу орталықтарында оқытылды және біліктіліктерін арттырды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.  

Теміржолшылар үшін санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту жөніндегі айлық, еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша сайыстар, озық тәжірибе мектептері ұйымдастырылды. Семинарларда Экология және өндірістік қауіпсіздікті басқарудын корпоративтік стандарттарының жаңа құралдарын жұмыс процестеріне енгізу мәселелеріна ерекше назар аударылады. Жергілікті жерлерде төтенше жағдайларда еңбек тәсілдерінің қауіпсіздігін зерделеу бойынша техникалық оқытулар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  

Өңірлік жол бөлімшелерінде теміржолшылар міндетті мерзімдік медициналық және ауысым алдындағы тексеруден өтеді. Жүрек-қан тамырлары, гипертония аурулары бойынша тіркеуде тұрған қызметкерлердің денсаулықтары үнемі қадағаланады, ауруға саралау жүргізіледі.  

2019 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 4300 астам қызметкерін оқыту және біліктіліктерін арттыруды жүргізу жоспарлануда. Бұл шаралар тасымал процестерінің қауіпсіздігін, стандартты емес жағдайлар туындағанда тәуекелдерді төмендету мен алдын алуды қамтамасыз етеді.