Теміржолшы әулеттер ойыны

Шымкент темір жолында «Қазкөліккәсіп» ұйымының 25 жылдығына орай әрі бөлімшеде  ұзақ жылдан бері еңбек ететін атақты теміржолшы әулетінің өкілі Панзарбек Жаңабаевтың 60 жасқа толуының құрметіне  футболдан турнир өткізілді. 

Кәсіподақ комитетінің басшылары спорттық ойындарды насихаттау үшін осындай атаулы мейрамдарда көбіне футболдан жарыс ұйымдастырып, ойын соңында жақсы өнер көрсеткендерді бағалы сыйлықтармен марапаттауды дәстүрге айналдырған.  Бұл жолы да «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент филиалының бастығы Нағима Салықбаева, бөлімше кәсіподағы комитетінің төрағасы Хайрулла Сәрсенов пен орынбасары Тоқтар Бекова, Ерлан Серперовтердің ұйымдастыруымен аталған шара кең ауқымды қамтыды.  Жиналғандар арыстық атақты әулеттің өкілі Панзарбек Жаңабаевты алпыс жылдық мерейтойымен  құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. 

Жаңабаевтар әулетінің өкілі  бүгінде бөлімшедегі диспетчерлік орталықта электр-механик.  Жары Анар Қазығұртта  станция кезекшісі. Жұмыспен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын Панзарбек туған ауылы Қабылсайға үнемі теміржолшы жерлестерін  жинап, мейрамдарда футболдан жарыс ұйымдастыратынына риза ауылдастары. Жалпы Панзарбектің әкесі Жаңабай мен анасы Райханнан тараған әулеттен 17 теміржолшы шыққан. Бүгінде  14 Жаңабаев  Арыс, Алматы, Шымкент қалаларында  ата кәсіпті жалғап жүр.  Әулеттің  жалпы теміржолдағы еңбек өтілі 400 жылға жуықтаған.

Жарысқа осындай теміржолшы әулеттерден  құралған 4 команда қатысып, бірінші орынды Садыбековтар, екіншіні Ізбасаровтар, үшіншіні Жаңабаевтар иеленді. Үздік қақпашы ретінде Мейіржан Садыбеков танылса, үздік шабуылшы Самат Жаңабай, үздік ойыншы ретінде Олжас Бастаровтар аталды. 

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки