Өрт қауіпсіздігіне тексеріс

 

Маңғыстау темір жол бөлімшесіне қарасты нысандар мен арнайы жылжымалы құрамаларға күзгі өрт-техникалық тексеріс біраз кемшіліктің бетін ашқан.

Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өртке қарсы қызметі Маңғыстау жасағының бастығы Қайырхан Таласов мәлім етті.

-Жалпы саны 272 нысанның өрт қауіпсіздік жағдайы қаралып, 223 бұзушылық анықталды. Соның ішінде 52 автоматты өрт дабыл қаққыштың жарамсыздығы немесе жабдықталмағандығы, 49 өрт сөндіргіштер бойынша, 30 тақтай сөрелерінің асбест қоспасымен қанықтырылмауы, 21 тоқ сымдарының ақауы, 24 өртке қарсы сумен жабдықталмау, 47 басқа да бұзушылықтар бойынша кемшіліктер анықталды. 8 нысанға және 1 тоқ жүйесі нүктесіне өрт қауіптілігі жайында ескерту парағы берілді. 22 жылжымалы арнайы құрама тексеріліп, 3 кемшілік табылды. Сондай-ақ жол бойында бақыланған 155 жолаушылар вагонында 9, құрылым басында қаралған 164 жолаушылар вагонынан 40, деподан шығар алдын өрт-қауіпсіздік жағдайы тексерілген 476 локомотивтен  320 бұзушылық анықталып, 2887 жауапты тұлғаға өрт қауіпсіздігі жөнінде нұсқау өткізілді,- дейді жасақ бастығы.

Ағымдағы жылдың он айында бөлімше бойынша  бір өрт оқиғасы тіркелген. Яғни 6 наурызда түнгі сағат 3:15 минутта Бейнеу ПТО нысанында   компрессор өртенген. Одан бері «тілсіз жаудан» аман. Қажетті қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Тәжірибелік оқу-жаттығулар да өз уақытылы ұйымдастырылуда. Қараша айына дейін  Бейнеу, Маңғыстау және Болашақ өрт сөндіру пойыздарының қатысуымен он шақты оқу-жаттығулар өткізілген.

Шахида Жұман,Маңғыстау


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки