Мал иелерінен қолхат алу керек

Станция жолдарына мал басы мен бөгде азаматтардың шығуы көптеген өндірістік кедергіге жол береді. Сондықтан бұл мәселені шешудің оңтайлы жолы – мал иесінен төрт түлігіне ие болу жөнінде қолқат алу деген пікір айтылды.

Жуырда Шу торабында  жергілікті теміржолшылардың қатысуымен үйлестіру кеңесінің отырыс өтіп, оған көлік прокуратурасының, желілік ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты.

Есепті мерзімде, яғни төрт айда бөгде адам мен қараусыз малдың кесірінен машинистер 713 жедел тежегіш қолданған. Өткен жылы бұл мезгілдегі көрсеткіш – 851 болатын. Оның 51-і мал басы, адам және көлік қағу бойынша орын алды. Әрине, төрт айда 17 адам басу оқиғасы орын алғаны өкінішті.

Шу ірілендірілген жол дистанциясының бас инженерің Б.Ченсызбаев Шу-Шоқпар, Шу-Хантау телімдерінің ең қауіпті аймақтарының 15 шақырымына қоршау жүргізу шаралары жоспарланып отырғандығын алға тартты. Ал Шу локомотив пайдалану депосының бас инженері Қуат Молдабаев станция басында мал басу немесе адам қағу оқиғалары негізінен жаяу жүргіншілердің рұқсатсыз жерлерден өту барысында орын алатындығын айтты. Және негізінен ішімдік ішкен немесе  суицидке баратын азаматтар екен.

Шу станциясының төрт шақырымы қоршалмай тұр екен. Жиында Шу көлік прокуратурасының аға прокуроры Б.Жиенқұлов Шу ірілендірілген жол дистанциясының қызметкерлеріне болат жолдың бойын ала орналасқан қожалық иелеріндегі ірі қара, жылқы басын анықтап фото және бейнежазу жүргізу керектігін алға тартты.

—  Сосын қожалық иелерінен малын қараусыз жібермеу жөнінде қолхат алу керек. Өйткені, темір жолда мал басу оқиғасы орын алғанда көп жағдайда мал иелері айыппұл төлеуден қашып, жалтарып жатады, — деді прокуратура өкілі. Бұл бастаманы Шу станциясындағы желлік ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары К.Шәкіров те қолдады.

 

Ерман Әбдиев, Шу

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки