Ортақ тақырып талқыланды

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде көлік прокуратурасы мен көліктегі бақылау комитетінің,  Шымкент станциясындағы желілік ішкі істер басқармасы мен  әскерилендірілген теміржол күзетінің өкілдері қатысқан  жиын өтті. 

Онда теміржол бойында адам факторынан орын алатын қиындық-кедергілерді жою,  бөгде адамдарды пойыз басу, төрт-түліктің бақылаусыз жүруі, өтпелердегі жол-көлік оқиғалары, жолға жақын заңсыз құрылыс нысандарының салынуы, т.б. мәселелерді бірлесіп шешу жайы сөз болды. 

Бөлімше инженері Мұрат Бейдалиев  келтрген дерекке сүйенсек, жыл сайын теміржол табанына 10-13 адам түседі екен. Биылғы жылдың бес айында 5 бақытсыз жағдай орын алса, соның төртеуі кісі өлімімен аяқталған. Үш ірі қараны пойыз басып, 3 рет  жол-көлік оқиғасы тіркелген. Машинистердің жедел тежегішті басуы  көбіне  Черноводск – Бадам – Қорғасын – Шымкент – Қызылсай – Манкент аралығында орын алады екен. 

  Арыс ірілендірілген жол дистанциясының жетекші инженері Б. Рысбеков теміржол бойындағы ұрлықтың азаймай тұрғанына тоқталды. Жалпы Шымкент Магистральді желі бөлімшесі бойынша 2017 жылы 413 мың теңгеге шығын келтірген 15 ұрлық жағдайы тіркеліпті. Өткен жылы Шымкент жол дистанциясында құны 1 млн.500 мың тұратын 87 дана панельді қоршаулар ұрланыпты.

Сондай-ақ жиында теміржол бойының санитарлық тазалығы, жол жағалай қоныстанған тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарды жол жиегіне төгетіні, оларға айыппұл салып тәртіпке келтіру  үшін қаладағы Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби аудандары мен темір жол өтетін бес аудан әкімдігіне хат жазылы да сөз болды.  Одан бөлек, аталған телім бойында 22 заңсыз өтпенің бар, жол-көлік оқиғалары осы күзетілмейтін өтпелерде болады, құқық қорғау органдары одан хабардар. Ал тұрғын үйлердің жолға жақын салынуының  зардабы аз тартылмаса да, бұл даулы мәселенің шешімі табылмай келеді. Енді бұл тұрғын үйлерді теміржолдан алшақтату ісі тек сот арқылы шешілмек. Жергілікті әкімдіктер теміржолға жақын тұрғындардың төрт түлігі бақылаусыз жайылар болса  мал иесіне шара қолданатын болды.  Осылайша, кездесуге қатысқан тараптар қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына  үлес қосуға уағдаласты.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки