Тораптық жиын түйіні

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің оңтүстігіндегі Шиелі станциясында өткен тораптық жиын  бірнеше мәселені көтерді. Оған бөлімше директоры Аманкелді Арысбаев пен  магистарльдық желі бөлімшесі директоры Ибраким Басықараев бастаған сала және кәсіподақ басшылары қатысты. Елбасы Н.Назарбаевтың дәстүрлі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау, Ұлттық компанияның әлеуметтік саясатын іске асыруды әрі қарай жалғастыру мақсатында компания еңбеккерлерін  әлеуметтік қолдау, еңбек заңнамаларын және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мақсатында, сондай-ақ   «ҚТЖ-ЖТ»АҚ және оның еңбек ұжымдары арасында 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттағы өзгерістерді түсіндіру және өткен жыл қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылар міндеттерді саралау мақсатында өткен  жиын  мазмұнды өтті. Алғашқы сөз кезегін алған А. Арысбаев жуырда  бөлімшеге келген «ҚТЖ» ҰК» АҚ персоналдар бойынша Вице-президенті Нұржан Жапарқұл бастаған өкілдер сапарының мән-мағынасына тоқталып,  негізгі мақсат Елбасы Жолдауын насихаттау, Ұжымдық шартқа енгізілген өзгертулер мен толықтырулар төңірегіндегі түсіндірме жұмыстары және өткен жыл қорытындысы мен биылғы жылға біздерге міндеттелген жұмыстарды нақтылау шаралары екеніне тоқталып өтті. Аманкелді Қонысбайұлы әрі қарай  Жолдауда айрықша баяндалған 10 маңызды міндетке тоқталып, теміржол саласына қатысты 4,7,9-бағыттарға жеке түсінік беріп өтті. Елбасы  Жолдауын  іске асыру жолында қозғалыс қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтай отырып тасымалды, оның ішінде транзиттік тасымалды арттыра отырып бірлесе, ынтымақ аясында жұмыс жасауға шақырды.  Бөлімше басшысы  аймақ теміржолшыларының өткен жылы атқарған және биылғы жылы міндеттелген тапсырмаларына да тоқтала кетіп, қандай жұмыс ауқымын болсын игеруге потенциал бар екенін жеткізді.   Мұнан кейін бөлімшенің қауіпсіздік бөлімі басшысы Бекжан Өтеулиев сөз кезегін алып,  Елбасы Жолдауы және «ҚТЖ-ЖТ» акционерлік қоғамымен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шартта қарастырылған түйінді мәселерді түсіндіріп өтті. Ал  бөлімшенің бас ревизоры Бостан Нұрымбетов өткен жылы бөлімше бойынша пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтау барысында орын алған кемшіліктерді атап, оларды қайталамау үшін сақтық пен қырағылық шараларын арттыру, кәсіби білімді жетілдіру және бекітілген міндеттерді әрбір теміржолшының аса жауапкершілікпен атқарып адам капиталын бағалауға, оның өміріне аса қырағылықпен қарауға шақырды. «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы төрағасы Өмірбек Жүсіпов жаңа жылдан бастап күшіне енген, үш жылға арналған Ұжымдық келісім шарт тармақтарына қатысты түсінік берді.    Тораптық жиын осындай бірнеше тақырыпты қозғап, түйінді мәселелерді аймақ теміржолышларымен бірге талқыға салып, оның шешу жолдарын да бірге табуға тырысты.  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Шиелі станциясы

тут была подписка

Заказ и бронирование Ж/Д билетов

партнеры