Қауіпсіздік талабы қатал

Зылқия Батышева  Астана ірілендірілген жол дистанциясында жетекші еңбек қорғау инженері болып еңбек етеді. Целиноград теміржол техникумын жол және жол шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдаған маманның салада еңбек етіп келе жатқанына 30 жылдан асты.

Атбасарда  теміржолшылар отбасында өскен Зылқия тәртіп пен тұрақтылық бар салада қызмет ету қашан да табысқа жетелейтінін қырық жыл теміржолшы болған сол ата-анасынан алған тәлімі деп біледі. Өз ісінің маңыздылығы мен жауапкершілігін жоғары бағалайды. Үздіксіз қозғалысқа толы саланың қауіпсіздігін сақтауда жұмысшы еңбегінің маңызы зор болса, сол еңбек күшінің қауіпсіздігінде еңбек қорғау инженері қызметінің де үлесі бар.

Біздің дистанцияға өзіңіз білесіз, Бурабайдан бастап үлкен аумақтар кіреді. Үш бағыт бар: Астана – Ерейментау, Астана – Жайнақ және Төңкеріс – Шортанды бағыттары. 7 телім, 3 колоннамыз және цехтарымыз бар. Соның барлығында өндірістік қауіпсіздікті сақтау жұмыстарын атқарамыз, – дейді еңбек қорғау маманы.

       Қашан да қауіпті аймақ саналатын теміржолдан өту жолдарына рейдтер ұйымдастырып, барлық тексеру жұмыстарына қатысу, техникалық сабақтарды өткізуге араласу, тағы да басқа қыруар шаруаны атқарып, оны қағаз жүзінде тіркеп отыру үшін инженер маманына әдеттегі жұмыс күндерінің жеткіліксіз болатыны да рас. Дегенмен тек салада мықты тәжірибе жинақтаған кәсіби мамандар ғана мұндай жұмыс көшін еш кідіріссіз алға бастыра алады.

Техникумнан соң еңбек жолын 1981 жылы жолшы болып бастағаннан бері қарай, техник, жол инженері, инженер-технолог, кадр бөлімінің инспекторы, кадр жөніндегі маман жұмыстарын атқарды. Көлік құрылысы мамандығы бойынша сырттай оқып жоғары білім алған Зылқия Секенқызы білім мен біліктілік арттырудың ешқашан артық болмайтынын айтады.

Райхан Рахметова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки