Бірлік пен тәуелсіздік нышаны

Теміржолсу-Қызылорда мекемесінің мәжіліс залында Елбасы Жолдауын насихаттап, Астана қаласына деген ерекше құрметті әйгілеу мақсатында «Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбында теміржолшылардың ерекше жиыны өтті.

Сарыарқа төрінде еңсе көтерген сәулетті елорданың Қазақстанның бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі ерекше мәртебесін теміржолшыларға кеңінен насихаттау, олардың бас қаламызға құрметін арттыру мақсатындағы кездесуде теміржолшылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Кездесу барысында Теміржолсу-Қызылорда мекемесі, БПҰ төрағасы Марат Шайжан Астананың құрылуы, қалыптасуы, заманауи қарқынды дамып гүлденуімен қатар Елбасы Жолдауында Президент қойған 10 маңызды міндетке тоқтап, саламызға қатысты мүмкіндіктер жайында тарқата түсіндірді. «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз қаланың көшірілуі саяси батыл қадам екендігін айтты. Астананың алматыдан Сарыарқа төріне көшірілумен еліміздің сыртқы саясаты жаңа мəнге ие болғандығы, Астананың дипломатиялық астана ретіндегі мəртебесі анықталып, əлемдік қауымдастық Қазақстан елордасын əлемдік ауқымдағы саяси оқиғалар арқылы танығандығын нақты деректермен жеткізді.

Жиынға қатысушылар өркендеудің, дамудың, көп ұлтты халық қуатының символына айналып отырған Астана қазіргі қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің өзегіне айналып, барша халықты бір шаңырақ астына жинап отырғаны да Елбасының көреген саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқаны әңгіме тиегіне айналды. Елорданың ерекше мәртебесін нығайтатын шаралар мен жетістіктер әлі алда екенін сөз еткен теміржолшылар оған өздерінің үлестерін қосатындарында  жеткізді. Туған елге сүйіспеншілікті арттыру, Отанды мақтан етіп, қадір тұту мақсатындағы өткен кездесуде мекеме теміржолшылары тәуелсіздікті асыл қазынасындай сақтап, оны нығайту жолында аянбай еңбек жасап, бірлік пен тәуелсіздіктің нышанына айналған астана мәртебесінің асқақтауына өз үлестерін қосатындықтарын білдірді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки