Адами капитал – жаңғыру негізі

Қызылорда локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында Елбасы Жолдауын түсіндіріп, насихаттау, оны жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелерді талдау, сонымен қатар Жолдау жүктеген міндеттер аясында «Өндірістік жарақаттың алдын алу» акциясына орай   еңбек қауіпсіздігіне байланысты  түсінік берілді. Жиынға  депо ұжымы, машинистер мен көмекші машинистер қатысты. 

Жиын барысында теміржолшылар  алдында тұрған маңызды міндеттер: транзитті жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін жетілдіру, жолаушылар тасымалында сервистік қызметті арттыру, жылжымалы құрамды заманауи талапқа сай жаңғырту  т.т. басым бағыттар сөз болды.  Жолдауға байланысты салалық еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мүмкіндіктері  жайлы «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен Қызылорда бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынын бөлім басшысы Зауре Сансызбаева әңгіме өрбітті. 

Жолдаудың  Адами капитал  тақырыбы сөз болатын жетінші бөлімінде:  «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет» деп жазылған. Осы тұрғыда сіздерден талап етілетіні өз денсаулықтарыңызды сақтау, ол үшін  күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды басты міндетке айналдыру. Қиын ба? Әрине, ынта болса түк те қиындығы жоқ, – деді  денсаулық сақтау саласынынң өкілі.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік жарақаттану жағдайы», «Өндірістік жарақаттың алдын алу», «Өндірістік жарақат тіркелген жағдайда бірінші көмек көрсету»   тақырыптарына да  түсінік беріліп,  дәрістік материалдар, үгіт насихат плакаттары мен үнпарақтар таратылды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки