Ғасыр жаңалығы – Астана

Семейлік ардагер, «Түрксіб-Семей» қоғамдық қорының төрағасы, қоғам қайраткері Мақсұт Көшжанов Астана тойына тамаша тарту жасап отыр. Ардагер еліміздің жүрегі Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр жаңалығы Астана» атты кітап шығарды.

Кітап алты бөлімнен тұрады. Əр бөлім уақыт талабына сай өмір ақиқаттарын өрнектейді.  Кітаптың алғы сөзін жазған тарих ғылымының докторы, професор Болатбек Насенов еңбегіне азат елдің астанасын арқау еткен ақсақалдың еңбегін жоғары бағалайды. «Халқымыз қашанан көкірегі көмбе, ақылман ақсақалдарын ардақтай білген. Қазыналы қарттарымыз жасына лайық аузы дуалы, сөзі уəлі, ойы терең, ақылы телегей теңіз болады десек, артық айтқандық болмас. Бір ғана ақылман ақсақалдың əділдігі мен бəтуәлі сөзіне тұтас ауыл мойынсынған. Осылайша дала философиясымен ғасырлар бойы қаншама ұрпақ тəрбиеленді. Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылын тойлап өттік. Биыл 10 маусым 1998 жылдан құрыла бастаған Астанамыздың 20 жылдығының куəгері болып, əр қазақстандық өз қуанышын, осы жылдары өсу, өрлеу, өркендеуіне қосқан үлесім деп біледі. Əрине, қиыншылықтар да кездесті. Үлкен кедергілер де кездесті. Тұтастықты, бірлікті ту етудің арқасында бəрін де жеңіп шықтық. Бұл жолда Тəуелсіз Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін атап өткен жөн. Мемлекет басшысының биік пайым парасаты, білім, өмірлік тəжірибесі һәм сұңғыла саясаткерлігінің арқасында еліміз уақыттың қатал сындарынан сүрінбей өтті… Қазіргі таңда бейбітшілік бесігіне бөленген Қазақстан əлемнің мемлекеттеріне үлгі. Азаттықтың алғашқы екі онжылдығындағы еңбек еткен ағаларымыз бен аналарымыздың басым бөлігі қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көруде. «Ақылды қария – ағып жатқан дария» демекші, зейнетке шықса да, жас ұрпаққа демеу болып, білгенін үйретіп, ортамызда жүргені көңіл қуантады» дей келе,  «…осындай ардагерлердің бірегейі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей белгі беру жəне байланыс  дистанциясының ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлімшенің ардагерлер кеңесінің мүшесі, «НҰР ОТАН» партиясы бастауыш ұйымы саяси бюросының  мүшесі, «Абыралы-Дегелең»қоғамдық қорының мүшесі, Семей темір жол бөлімшесі теміржолшыларының мəдени-тарихи, əлеуметтік дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған «Түрксіб-Семей» қоғамдық қорының жəне «Түксіб-Семей» мұражайының директоры  Мақсұт Көшжановтың 20 жылдық қоғамдағы еңбегі ақиқат» деп баға береді.   

1937 жылы Семей облысы Абыралы ауданында дүниеге келген Мақсұт Көшжанов – Семей теміржолындағы ең белсенді қарт теміржолшының бірі. Ардагердің осыған дейін де аймақтағы талай қоғамдық игі істерге ұйытқы болып жүргені назардан тыс қалған емес. «Темір жол мүддесі үшін еңбегіме ақы сұрамаймын, Тəуелсіз Қазақстанның тұғырлануына тарыдай болса да үлес қоссақ – арманның орындалғаны» дейді ардагер.  

Лаура ТАСБОЛАТОВА

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки