Сандық жүйеге көшуде

«Самұрық-Қазына» қоры компаниялары тобында цифрландыру бағдарламасы бойынша, жеке саланың өзінде, орташа алғанда елуден астам жоба қолға алынған.

Еске сала кетсек, «Қазақстан темір жолы» компаниясында 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы теміржол» стратегиясы жасалып, 21 жобаның екеуі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан орын алған. Стратегияда жүк, жолаушы, мультимодальдық тасымал, теміржол инфрақұрылымы, корпоративтік басқару мәселелері қамтылған.

Жуырда Қор басшысы Ахметжан Есімов пен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ұлттық компаниялар басшылары қатысқан кеңесте цифрландыру тақырыбы сөз болды.  Жиын басында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Нұрлан Рахметов сандық жүйеге көшу бағдарламасының жүзеге асыруы жайында баяндап, Қордың қоржындық компанияларында осындай жобалардың көптігін жеткізді. Мысалы мемлекеттік емес бағдарламалар бойынша 51 жоба әзірленген.Осы орайда, шара барысында, Қор қарамағындағы жетекші компаниялардың басшыларыигілікті қадамдардың іске асырылуы жөнінде есеп берді.

«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ  Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сандық жүйеге көшу жобаларының әрқайсысының нақты экономикалық тиімділікке ие болуы керектігін атап өтті. «Әрбір жоба бәсекелестік артықшылықтарға, тапсырыс берушілердің қанағаттануына, негізгі өндіріс тәуекелдерін жоюға, жаңа технологияларды жасауға, түбегейлі жаңа бизнес  құруға бағытталған болуы тиіс және нәтижесінде кірістің өсуіне әкелуі қажет», – деді ол.

Асқар Жұмағалиев Қор компанияларындағы цифрландыру үдерісінің жақсы қарқынына нұсқап,тұтас елді сандық жүйеге көшіруде көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді. «Осы барлық бағдарламалар мен жобалар бүгінде «Сандық Қазақстан» бағдарламасына енген және қызметтеріңізбен нақты ақпарат алмасу орнатататын боламыз», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Жиын қорытындысында,Ахметжан Есімов, Қор қоржынындағы компанияларда бизнес-үдерістердің дамуы мен сандық жүйеге көшуді тереңдету бойынша бірқатар тапсырмалар берді және нақты мерзімдерді белгілеп, оған жауапты қызметкерлері тағайындады.

Кемел МАРАТ

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки