Қылмыстың үлкен-кішісі жоқ

Қызылорда  вокзалында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және оның  салдарымен күресуге назар аудару мақсатында бөлімшенің бір топ теміржолшысы құзырлы орган өкілдерімен қосылып рейд өткізді.

Жоспарланған рейдке Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Жандарбек Өтегенов пен «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева, Қызылорда станциясындағы ЖІІБ лейтенанты Асылбек Қуаныш, т.б. қатысып, вокзалдың күту залы мен перронды, жолаушы пойыздарын аралап,   жағдаймен танысты. Халыққа сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, тіпті елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні ал ең бастысы адамдардың заң мен әділет органдарына деген сеніміне кері әсер ететіні түсіндірілді. 

Түптеп келгенде қылмыстың үлкен-кішісі жоқ, сондықтан жемқорлыққа жол бермеу, пара талап етілген жағдайда өзіңді қалай ұстау керектігі, асығыс пікір айтуға жол бермеу, пара бопсалаудың шарттарын есте сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жүгіну, т.т. жолдары да айтылды.   

Жолаушы халыққа «пара алу – бұл қылмыс», «пара берсең – жазаланасың», «пара беру – адамды бас бостандығынан және болашағынан айырады» деген тақырыпта түрлі жаднамалар таратылып, ең бастысы сыбайластыққа жол бермеуді өзіңнен бастау керектігі ескертіліп, қоғамдық маңызды шараларда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки