«Қартайған» тепловоздан қайыр жоқ

Темір де тозады деген осы. Шымкент станциясында маневрлік қызмет көрсететін төрт тепловоздың  «еңбек өтіліне» 48 жыл болыпты.

Станцияға келген вагондарды кірме жолдарға, тұйық жолдарға ары бері тасып бір тынбайтын тепловоздар, әрине жыл сайын қуатынан айрылып «қартайып» барады. Сондықтан оның қызметінен де қайыр аз болып тұр.

Қызмет көрсету мерзімі 25-30 жылдың арасы болғанмен, бұл 4 тепловоз ара-тұра жөндеуден өткені болмаса жарты ғасыр үздіксіз  қызмет етіп келеді.

-1980 жылы теміржолға келгенімде осы тепловоздардың келгеніне 10 жыл болған екен. Шымкент цемент зауытына 600 тонналық 10 вагон жүкті бұрын 30 минутта апарса, қазір 1,5 сағатта жеткізеді. Салмағы ауыр вагондарды тарта алмайды. Әйтпесе, диспетчер, кезекші, пойыз құрастырушылар  тәжірибелі, олардың жұмысына мін жоқ. Тепловоздар жаңарса уақыттан ұтып, кестедегі тапсырманы орындауды қазіргіден әлденешеге жылдамдатар едік.  Тек көп жүкті тарта алмауы уақытта алып, қолды байлайды,- дейді Шымкент станциясының бастығы Бердіхан Абдуллаев. 

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки