Түбек таза су тұтынып отыр  

Өткен жылды артық шығынсыз, төтенше жағдайларсыз ойдағыдай қорытындылаған «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС тәуір жетістікке қол жеткізді.

 Мекеменің жылдық табысы – 781034,00 мың теңгеге жетіп, алдыңғы   жылмен салыстырғанда – 138879,00 мыңға өсті.

Бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 3162,08 мың теңгені құраған. Бұл салыстырмалы кезеңдегіден 147,00 мыңға артық. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 3921,00 теңгеге өссе, олардың жалпы саны 34-ке көбейіп, барлығы 282 адамға жеткен. Мекеме былтыр темір жол мекемелерін, өндірістік, бюджеттік, шеткі мекемелерді және тұрғындарды 416,64 мың текше метр сапалы ауыз сумен қамтамасыз еткен. Өз тұтынушыларына 5020,04  Гкал жылу жеткізіп, 226,64 мың м3 кәріз суын қабылдаған. Оның ішінде тек теміржол нысандарына – 192,96 мың м3 ауыз су,  4813,63Гкал жылу берілген.  Олардан шыққан 35,25мың м3 кәріз суын тазартқан. Сондай-ақ, серіктестік өткен жылы ауыз сумен, жылумен жабдықтау және кәріз су жүйелерін жаңарту, қайта құрастыру және нысандардың санитарлық талаптарын жақсартуға негізделген күрделі жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша 59020,00 мың теңгені игеріп,  қызмет сапасын арттыру мақсатында біраз құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізген. Олар – Опорный бекетіндегі 250м3 екі дана су сақтау қоймаларының, Шетпе бекетіндегі 0,7км кәріз құбырының, Бейнеу бекетіндегі 0,7км ауыз су құбырының, Каркол бекетіндегі 0,5км ауыз су құбырының, Бейнеу бекетіндегі 0,982 км жылу құбырының күрделі жөндеуден өтуі. Сондай-ақ, Бейнеу және Маңғыстау жылу қазандықтары ғимараттарына бейнебақылау құрылғысы орнатылып, 9 өндірістік су сорабы,  8 компьютерлік құрылғы сатып алынған. Бұл жерде бір айта кетерлігі, аталған күрделі жөндеу жұмыстарын қолдағы бар еңбек күшімен тиімді үйлестірудің үдесінен шыққан кәсіпорын  5997,00 мың теңгені үнемдеген. Сол қаражатты тағы бір кәдеге жаратып, Шетпе бекетіндегі 0,6 км кәріз құбырын жөндеуге жұмсаған. Сондай жұмыстардың арқасында серіктестік «Теміржолсу» АҚ бойынша қаржы-экономикалық және өндірістік көрсеткіштерден жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Еске сала кетсек, мекеменің бұл бірінші рет үздіктер қатарынан көрінуі емес.

–Алдағы уақытта да осы қарқынмен жұмыстанып, 2018 жылы қосалқы табыс табуды 65,00 миллион, күрделі жөндеу жұмыстарын 134,3 миллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, биыл Үстірт бекетіндегі 250 м3 – 2 су сақтау қоймаларының және су мұнарасы ғимаратына, Бейнеу бекетіндегі 0,8 км жылу құбырына, жылу ғимаратына, Маңғыстау бекетіндегі 0,925 км кәріз су құбырына күрделі жөндеу жүргізу жоспарда бар. Бір УАЗ23632-252 Пикап маркалы және  екі УАЗ-390945-460 фермер маркалы, бір ГАЗ А21R35 маркалы автокөліктер сатып алмақпыз. Жалпы «Теміржолсу-Маңғыстау ЖШС 2004 жылы 1 наурызда «Теміржолсу» АҚ-ның №3 бұйрығы негізінде құрылды. Содан бері мекемеде қажеттіліктер басшылықтың  уақытылы назар бөліп отыруының арқасында  бірте-бірте өтеліп келеді. Нәтижесінде атам заманнан ауыз су мәселесі проблема болып келген түбек толық дерлік таза суға қол жеткізіп отыр,– дейді серіктестік директоры Орын Оразғалиев.

Қазір мекемедегі  су құбыры жүйелерінің ұзындығы 42,25 км, кәріз жүйелерінің ұзындығы – 27,12 км, қызмет көрсетілетін учаскенің жалпы ұзындығы 1079 км құрайды. «Теміржолсу-Маңғыстау» мекемесі Маңғыстау магистральдық желі бөліміне қарасты 41 шағын бекетке тасымалдау арқылы таза ауыз су жеткізеді.

Өткен жылдарда серіктестік теміржол торабындағы нысандарды  ауыз сумен жабдықтау және кәріз суларды қабылдау жүйелерін жаңарту, қайта құрастыру және нысандарының санитарлық талаптарын жақсартуға негізделген «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында  344 788,78 мың теңгенің жұмысын жүргізген. Нақты айтсақ,  14,72 км – ауыз су, 6,3 км – кәріз су құбырлары жаңа талапқа сай полиэтилендік құбырларға ауыстырылған. 4 су мұнарасы, 5 кәріз су айдау нысаны, 1 су шығару ұңғымасы, 2 кәріз су тазарту қондырғысы, 2  өндірістік және әкімшілік ғимараттар толық күрделі жөндеуден өткен. Опорный, Бейнеу, Сайөтес, Шетпе станцияларына ауыз суды бактериядан тазартатын залалсыздандырғыш, ал Каркол, Үстірт станцияларында ауыз суды кешендік тазарту қондырғылары орнатылған.  Сонымен қатар он шақты   шағын бекеттердегі ауыз су мәселесін шешу мақсатында жаңадан су құю құдықтары салынып, пайдалануға берілген.

Шахида Жұман,

Маңғыстау

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки