Жоспар пен міндет айқын

Елбасының биылғы қаңтар айындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына байланысты Жезқазған станциясы теміржолшыларының жиыны өтті.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы директорының логистика жөніндегі орынбасары А. Жұмаділовтың төрағалығымен өткен жиынға қауіпсіз қозғалыс департаментінің Қарағанды телімі бойынша өңірлік бас ревизоры Б.Әлмұрзаев, Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері А.Зайцев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Жезқазған өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары М.Шәкен, локомотив бригадалары, машинист-нұсқаушылар, кезекшіліктен бос депо кезекшілері, ШЧ, ПЧ, ВЧД, ДС жұмысшылары қатысты. Елбасы Жолдауындағы 10 негізгі міндеттің мақсаты – Қазақстанды Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында әлемнің дамушы елдерінің қатарына кіргізу екендігін айтқан теміржол басшылары соның ішінде «Өнеркәсіпті цифрландыру» міндеті бойынша Қазақстан теміржолында жақсы жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Ұлттық компания «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде өзінің өндірістік үдерістерін цифрландыруды жүзеге асыруда. Ал төртінші міндет – транзиттік тасымал кірісін арттыру үшін көліктік-логистикалық салаға арналған. Қазақстан теміржолы елдің жағдайын жақсартып, экономикасын нығайту үшін транзиттік тасымалды ұлғайтуға зор көңіл бөлуде. Сонымен қатар халықаралық транзиттік дәліздегі географиясын кеңейтуге күш салуда. Соның нәтижесінде былтыр жүк айналымы 4 пайызға артқан. «Адам әлеуетін дамыту» туралы жетінші міндет бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік-жауапкершілікті ұйым ретінде персоналды қолдау мәселесіне жіті көңіл бөліп, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, еңбек жағдайын жақсарту, айлықты индексациялау үшін тиісті шараларды қолдануда. Мәселен, биыл қаңтар айынан бастап жалақы көлемі 10 пайызға артты. 2018-2020 жылдарға арналған ұжымдық шарт пен салалық келісім жасалып, қол қойылды. Тоғызыншы міндетке келсек, «ҚТЖ» компаниясы заңның үстемдігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде ҚР заңдарының сақталуын қамтамасыз ету, соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсаттар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі мониторинг күшейтіліп, ұлттық компания мен оның еншілес ұйымдарында жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері бойынша талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін кешенді қызмет құрылды.
Жолдау мазмұны түсіндірілген жиында бірқатар міндеттер жүктелген қаулы шығарылды. Атап айтқанда, Елбасы Жолдауын орындау мақсатында азаматтардың, соның ішінде көлік саласы қызметкерлерінің жағдайын жақсарту, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, көлік-логистикалық кешен табысын арттыру үшін барлық басшыларға жолдау жүктеген міндеттерді өз қарамағындағы қызметкерлерге жеткізу міндеті артылды.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки