Жоспарда – жүк тасымалы көлемін арттыру

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – ЖТ-Жамбыл бөлімшесі өткен жылды жаман  қорытындылаған жоқ. Тек жүк тасымалынан түскен қаржының өзі 19 378 086 854 теңгені құрады. Бұл дегеніңіз, алдыңғы жылмен салыстырғанда  2 406 878 373 теңгеге  немесе 14 пайызға артып отыр деген сөз.

Сондай-ақ, бөлімшеде жүк тиеу жоспары бойынша 7 879,5 мың тонна болса, тиелгені 7880,0 мың тонна, жоспар бойынша 118 990 вагон болса, тиелгені 119 011 вагон немесе 21 вагон жоспардан тыс тиелген. Осылайша 2017 жылы жүк тиеу 632,4 мың тоннаға немесе 8,1 пайызға, 9550 вагонға өскен.

–Жүк тасымалдау көлемін арттыру бойынша жүк жөнелтушілермен бірлесіп жүргізген жұмыстың, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын қатыстыра отырып, ұйымдастырылған кездесу-семинарлардың пайдасы тиді. Соның нәтижесінде, есепті  мерзімде жүк айналымы 24870,0 млн ткм неттоны құрады, жоспар бойынша 23078,0 млн ткм нетто немесе 107,7 пайыз жоспардан тыс орындалды. Және бір айта кетерлігі, жалпы пайдалану көрсеткіштерінің жақсаруына Шу-Отар телімінің екінші жолының пайдалануға берілуінің де оң әсері болды. Яғни,  телімдегі пойыздардың жүріп өту уақыты қысқарып, пойыздарды өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік артты,– дейді ЖТ-Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов.

Сонымен қатар, бөлімше қызметкерлері ағымдағы жылы жүк тиеу көлемін аймақтағы  кәсіпорындардың тасымалдау көлемін арттыру болжамына сүйене отырып, 2017 жылға қарағанда 283,6 мың тоннаға көбейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, аймақтағы ірі кәсіпорындар –  химиялық тыңайтқыш өндіретін «Қазфосфат» ЖШС – 80,0 мың тн, «ЕвроХим–Қаратау» ЖШС – 68,5 мың тн, цемент шығаратын «ЖЦПК» ЖШС –  77,9 мың тн, «ACIG» ЖШС – 12,5 мың тн, гипс өндіретін «Кнауф гипс» ЖШС – 41,2 мың тн, қант зауыты «ЦАСК» ЖШС – 3,5 мың тонна  өнім артады деп болжанып отыр екен.

–Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бағытында да бірқатар іс-шаралар жүзеге асты. Мысалы, кәсіпорын басшыларымен стандарт  талаптарын егжей-тегжейлі зерделей отырып, семинар-кеңес өткізілді. Сонымен қатар, жұмысшыларды ынталандыру мақсатында алты аталым бойынша байқау ұйымдастырылды. Құқық қорғау органы қызметкерлерін шақырып, үйлестіру кеңестерін өткіздік, – деген  бөлімше басшысы  ағымдағы жылғы міндеттерге де тоқталып өтті.  

Атап айтқанда, соның ең негізгісі, күн сайын берілетін технологиялық толаскез уақытын  азайту есебінен техникалық қызмет көрсету және төбешіктің ғимараттары мен құрылғыларын жөндеу үшін алдын ала ДСПГ-мен келісе отырып, қалған  минутты вагондарды тарту арасында беру арқылы жылдық экономикалық тиімділікті 297, 720 млн теңгеге жеткізе отырып, Шу станциясының сұрыптау төбешігінің қайта өңдеу қабілеттілігін арттыру. Бұдан өзге, ДУ-2, ДУ-3 формасындағы журналдардың орнына тәжірибелік пайдалануға АРМ ДСП/ ДНЦ ГИД «Урал-ВНИИЖТ» бағдарламасын енгізуді де көздеп отыр екен. Сонымен қатар, ауырсалмақты және рейстік қозғалыстың үлесін, нормативтік қозғалыс кестесі мен пойыздарды құрастыру жоспарының рөлін, нұсқамалық пойыздар қозғалысы кестесінің сақталуын да қадағалауды күшейтпек.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки