Вокзалдар жөнделуде

Темір жол қақпасы саналатын ел вокзалдарының жағдайы қашан да басты назарда тұрады. Былтыр да осы шаруашылықта ұлттық компанияның жүйелі жоспарлауымен қыруар шаруа атқарылды.

Соның ең бастысы – вокзалдағы қауіпсіздік мәселесі бойынша былтыр 16 темір жол вокзалында тексеру жүйесінің енгізілуі болды. Солардың қатарында, Астана-1, Алматы-1, Алматы-2, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Шу, Орал, Атырау, Маңғыстау, Семей, Бейнеу вокзалдары бар. Бұған қоса вокзалдардың сыртқы эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында 2017 жылы сәуір айынан бастап қыркүйекке дейін 17 вокзалда, атап айтқанда,  Астана, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Көкшетау, Бурабай курорты, Маңғыстау, Бейнеу, Қызылорда, Жамбыл, Шу, Атырау, Защита, Семей, Шымкент, Ақтөбе, Орал вокзалдарында ағымдық жөндеу жүргізілді. Бұл ғимараттардың сырты сыланып, қасбеті боялды, кіреберістер, тас төсеуіштер, баспалдақ бөліктері, орындықтар, қақпа және қоршау, бағаналар жөнделіп, ағаштар әктелді. Сонымен қатар вокзал шаруашылығын қысқы мерзімге дайындау кезінде 40 темір жол вокзалының шатыры жөндеуден өткізілді. Мәселен, Шоққарағай, Есіл, Ковыльная, Аманқарағай, Тобыл, Өлеңті, Красноармейка, Құрқамыс, Қалқаман, Павлодар, Қарағанды, Саяқ, Ағадыр, Мырза, Жаңа-Қарағанды, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Вишневка, Жарық, Жаңғызтөбе, Аягөз, Шемонаиха, Лениногорск, Зыряновск, Серебрянка, Предгорная, Иртыш-зауыт, Ауыл, Белағаш, Семей, Защита, Алматы-1, Алматы-2, Жосалы, Орал, Шалқар, Мақат, Маңғыстау вокзалдары ғимаратының төбесі жөнделді. Сондай-ақ, Кең, Баранқұл, Приишимская, Құрқамыс, Қалқаман, Қызылорда, Доссор, Сағыз деген 8 вокзалдың жылыту жүйесіне жөндеу жүргізілді. Ал Орал станциясының вокзалында логотип жөнделсе, Ақтөбе станциясының вокзалына кабельді желі қойылып, Шымкент, Астана, Ақтөбе вокзалдарының кіре берістері өзгертілді. 

Ұлан ОРАЗ

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки