Байланыс құрылғыларының сенімділігі артты

Бүгінде Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша шалғай станциялар мен жол айрықтарындағы теміржолшылар үшін еңбекке қолайлы орта қалыптастыру мәселесі бірінші кезекке қойылуда.

Осы орайда желі бойындағы ескірген теміржол нысандарын жаңалау қарқын алғанын айтуға болады. Семей белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары Жаңа-Семей мен Шар станцияларындағы желі бойындағы қызметтік-техникалық ғимараттарды жаңартуда. Осыған дейін №1 жол айрығына контейнерлік модуль орнатылып, құрылғы-жабдықтардың барлығы ауыстырылған болатын. Тәжірибе көрсеткендей, бұл істің тиімділігі мол болды. Қатты отынмен жылытудың қажеті жоқ. Бұл әсіресе, аязды күндердегі машақаттан құтқарды. Нысанда электрлі жылыту құрылғысы бар. Іші таза әрі жарық. Және іргетасының биік болуы себепті көктемгі су тасқынынан, селден келер қауіп жоқ.

Осы орайда аталмыш бағыттағы жұмыстарды жүргізу биыл да жоспарланып, жуырда №3 жол айрығына жаңадан модуль орнатылды. Бұл разъездегі байланыс құрылғылары да осылайша жаңа нысанға орнықты. Сөйтіп, байланыс құрылғыларының семділігін арттырып отыр.  

Жаңа модуль негізі КТСМ аппаратурасына арналған. Алайда, кеңейтіліп, заманауи талаптарға сай етілген нысан мол қолайлылық береді. Жұмыс барысын ШЧ-29 теміржолшылары өз күштерімен жүргізген. Бұл бағыттағы шаралар әлі де жалғасатын болады.  Атап айтсақ, техникалық ғимараты тозыңқыраған Жаңа-Семей – Шар бағытындағы №4 жол айрығына да дәл осындай модуль орнату көзделуде. Себебі, мұндағы ескі ғимараттардың да іргетасы шөгіп, тозығы жеткен. Сол тәрізді әділ осындай шара Шөптіқақ, Делбегетей станцияларында да жүргізілмек. Желі бойындағы СЦБ, ЭЦ және релелік нысандар осылайша кезек-кезеңмен жаңарып жатыр.

Қуаныш Қожаев, Семей

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки