Қауіпсіздікке баға беру тәсілі

Ұлттық компанияда қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын жақсарта түсу үшін жүзеге асырылатын шаралар күшейтіле түсті. Солардың бірі – пойыздар қозғалысы қауіпсіздік жағдайына баға берудің әдістемелік нұсқамасының жасалуы.

Осы және өзге де шаралар туралы биыл компанияның былтырғы жұмыстарға жылдық есеп беру жиынында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев айтқан болатын. Сонымен қатар, компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес компаниялары және «Patentes Talgo S.L.» компаниясы филиалдары арасындағы өзара іс-қимыл регламенті енгізілуі де сол қауіпсіздік талаптарына сай жасалды.

–Бұған қоса жүк вагондарын магистральдық темір жол желісіне жіберу ережелері қайта жасалды. «Өндірістік қауіпсіздік» ақпараттық жүйесі сынақтық пайдалану үшін қабылданды, – деді Б. Котырев.

Былтыр компанияда өндірістік жарақат алушылықтан 31 факт тіркелді, бұл 2016 жылға қарағанда 4 дерекке көп. Шаруашылықтар бойынша жарақат алу фактілері былай бөлінді: магистральдық желі дирекциясы бойынша 13 жағдай, жол шаруашылығынан 10 жағдай, электрмен жабдықтау бойынша 3 дерек, жүк тасымалында 11 факті, жолаушылар тасымалы тарапынан 1 жағдай, әскерилендірілген күзет қызметінде 1 жарақат алу жағдайы, Транстелекомда 3 жағдай, «Востокмашзавод» АҚ және шаруашылық басқару жөнінен бір-бірден факті тіркелді.

Талдау қорытындысы бойынша, орын алған қайғылы жағдайлардың туындауына ықпал еткен себептерді үш топқа бөліп қарастыруға болады: ұйымдастырушылық, техникалық және сыртқы орта әсерінен болатын себептер.  Адам өлімі мен мүгедектікке әкелетін қайғылы жағдай келесідей ретпен талданады: ұйымдастырушылық себеп тобында 12 жағдай тіркелді, соның ішінде бесеуі – еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан болса, тағы бесеуі – жұмыстың жеткілікті деңгейде дұрыс ұйымдастырылмауынан, қалған екеуі зардап шегушілердің жеке өздерінің абайсыздығынан болған. Ал техникалық себептер тобына 1 жағдай ғана кіргізілді, мұнда жарамсыз құрылғыны пайдалану салдарынан болған. Сонымен қатар сыртқы орта әсерінен болған 1 жағдай – жол-көлік оқиғалары еншісіне тиесілі болып отыр. Жоғарыда аталған талдау себептері болған оқиғалардың жартысы негізінен қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, зардап шегушілердің абайсыздығынан болып, болған оқиғалар үшін жұмыс беруші тараппен тең дәрежеде айыпты болған, яғни, кінәліліктің орташа деңгейі бойынша жұмыс беруші 58 пайыз, зардап шегуші 42 пайыз оқиғаға қатысы болған.

                  Ұлан ОРАЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки