Қоғамдық қабылдау өткізді

Сыр өңіріндегі теміржол саласы еңбеккерлері мен тұрғындарының арыз-шағымын тыңдап, олардың өтінішіне құлақ асып оңтайлы шешім қабылдау үшін өткізілетін қоғамдық қабылдау былтырғы жылы  тұрақты жүргізіліп, биыл қайта жалғасын тапты. 

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Теміржол» филиалы төрағасы Аманкелді Арысбаев төрағалық жасаған тұрақты жұмыс комиссиясы мүшелері өткен аптада алғашқы қоғамдық қабылдау өткізді. Бөлімше басшысының бүгінгі қабылдауына жазылғандар қатарында салада жұмыс жасайтын теміржолшылармен қатар жергілікті тұрғындар да көп  тіркелген екен. Олардың сұрақтарын тыңдаған комиссия мүшелері түйінді мәселелерін талқыға салып, оңтайлы шешудің жолдарын қарастырып, қолайлы мүмкіндіктерді іздеді.   

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі әрине, әлеуметтік негіздегі мәселелермен келген. Бірі жұмыс сұрайды, бірі отын, бірі көмір сұрайды,  кейде тіпті даулы мәселелерін шешіп беруге де қоғамдық қабылдауға жүгінетіндер табылады екен. Комиссия мүшелері қабылдаған жандардың қай қайсын да жауапсыз қайтарған жоқ. Олардың шағымдарына орай тиісті қолдау шаралары қарастырылып, шешу жолдары белгіленді. Сексеуіл локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып жұмыс жасап, зейнетке шыққан теміржолшы қазіргі уақытта көп балалы отбасында тұрақты жұмыс жасайтын ешкім болмағандықтан, бөлімше басшысына отбасы мүшелерінің бірін  жұмысқа орналастыруға көмек беруін сұраған. Комиссия көп балалы отбасына көмек беру қажет деп тапты.  Қоғамдық қабылдау тұрақты белгіленген кесте бойынша жыл бойы жалғасын табатын болады.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки