Қоршаудан да қайыр болмай тұр

Ақтөбе теміржолшылары қоршаудан көмек болмай отырғанын алға тартады.

Ақтөбе өңірінде теміржолды жағалай қоршаулар тұрғызылды. Оған қол жеткізу үшін Астанаға сан мәрте хат жазылды. Жол бойында бақытсыз жағдайларды болдырмау мақсатында машинисттер үндеу де жариялады. Өкінішке қарай, ол қоршауларды тұрғындар бұзып өтіп жатыр.

Теміржолшылардың пайымынша, бөгде адамдар рұқсат етілмеген жермен өтуді доғарар емес. Жыл басталмай жатып, автовокзал аумағында бір ер адамды пойыз қағып кетті. Оның қасында болған әйел адам ауруханаға жеткізілді, алайда ол да уақыт өте көз жұмды. Ақтөбе жол дистанциясынан хабарлағандай, Жіңішке – Ақтөбе өткелінде сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз машинисі шұғыл тежегішті іске қосқан. Алайда, үлгермеді. Бүгінде көліктегі ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Теміржол бойында қоршаулардан көмек болмай тұрған тәрізді. Жол бойын жағалай тұрғызылған қоршауларды тұрғындар бұзып кетуден тайынбайды. Рұқсат етілген орындарды айналып өтпеу үшін қоршауларды қисайтып кету жайттары баршылық», – дейді теміржолшылар. 

Айта кетейік, былтыр Жіңішке – Ақтөбе өткелінде келе жатқан пойыз машинистері 12 рет шұғыл тежегішті іске қосқан. Жылдамдықты түсіріп үлгермеген олар 3 адамды қағып өткен.

Асқар АҚТІЛЕУ

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки