Ашық есік күні – құқықтық шара   

Семей ЖТ бөлімшесінде  салалық кәсіподақ ұйымының және көлік прокуратурасының ұйымдастыруымен ашық есік түріндегі қоғамдық қабылдау шарасы болып өтті.

 Жол дистанциясының мәжіліс залына жиналған теміржолшылар толғандырған сауалдарына заң тұрғысынан жауап алды.  Басқосуды ашқан Семей бөлімшесінің бас инженері жиынның негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, сөз кезегін Семей көлік прокуроры Медет Несіпбекке берді. Ол өз сөзінде теміржолшылардың барлық сауалдарына ҚР Конституциясының нормаларына сай тұжырымды түрде жауап берілетінін жеткізді. Жалпы, ашық есік түрінде өткізілген аталмыш шара ҚР бас прокуроры тапсырмасына сай ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. 

Шара барысы тек еңбек қатынастары, зейнетақы мәселелері тұрғысындағы сұрақтардан ғана емес, тұрмыстық сауалдардан да тұрды. Сонымен қатар, Семей көлік прокуроры мен оның орынбасары барлық сала бойынша, атап айтсақ, қосымша жәрдемақы мен өтемақылар рәсімдеу, жылжымайтын мүлік мәселелері төңірегіндегі сауалдарға да  жауап қайырып, консультациялық кеңес берді. Десекте, теміржолшылар тарапынан қойылған сауалдар негізінен еңбекті қорғау мен түрлі өтемақылар, еңбек қауіпсіздігін сақтау, зейнеткерлікке шығу мен ұжымдық келісім шарт аясында, қызмет барысында туындайтын проблемалық мәселелерге көбірек арналды.  Салалық кәсіподақ комитеті ұйытқы болған шара теміржолшылар үшін құқықтық сауаттылыққа негіз болғаны анық.

Қуаныш Қожаев, Семей

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки