Біліктілік байқауында бақ сынасты 

 Маңғыстау ЖТ бөлімшесінде жұмысшылардың білімі мен білігін, техникалық дайындығын ширата түсу, міндетіне сай талаптарды меңгеру деңгейін анықтау мақсатында төрт аталымнан тұратын сайыс ұйымдастырылды.

  Байқауға Маңғыстау, Бейнеу, Болашақ станцияларынан, вагон және  локомотив пайдалану деполарынан теміржолшылар қатысып «Үздік видеофильм», «Үздік лектор», «Үздік техникалық кабинет», «Пойыздар қозғалысы жөніндегі нұсқаулықтың, техникалық пайдалану ережелерінің, сигналдар жөніндегі нұсқаулықтың үздік білгірі» номинациялары үшін сынға түсті. Командалық есепте Маңғыстау станциясының жұмысшылары 1 орыннан көрінді. Олар «Үздік видеофильм», «ПҚН, ТПЕ, СЖН үздік білгірі» аталымдарын жеңді. Техникалық кабинеттердің үздігі Болашақ станциясынан табылды. Бейнеу станциясынан оқыту жөніндегі нұсқаушы Қайрат Лұқмановтың ораторлық қабілеті өзге үміткерлердің өнерінен озық деп танылды.

 —  Қатысушылар санына шектеу қойылған жоқ. «Үздік лекторға» вагон, локомотив шаруашылықтарының нұсқаушылары, станция басшылары үміткер болды. Олар алдын ала өз ұжымдарында бақ сынады. Ойын командалық есепте өтті. Әр топта станция кезекшілері, пойыз құрастырушылар, вагон қараушылар, локомотив бригадасынан адамдар болды. «Техникалық кабинет» номинациясында Бейнеу және Маңғыстау станцияларынан 3, Болашақтан 1 оқу бөлмесі қаралды. Соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталғандықтан жеңіс «болашақтықтарға» бұйырды. Фильм жұмыс жағдайындағы төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау бойынша түсірілді,-дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік оқыту шебері.

Байқауға  бөлішенің бас инженері Қарақат Жаканов, қауіпсіздік бөлімінің бастығы Жарас Жолаев, өндірістік-техникалық бөлім бастығы Ернар Айдарханов, қауіпсіздік бөлімінің локомотив, вагон шаруашылығы жөніндегі ревизорлары Қайрат Ниязов, Берік Имашев, локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Марат Алхабеков, вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету пункті басшысы Жұмабек Якупбаев және өндірістік оқыту шеберлері әділ қазылық етті.

Шахида Жұман,

Маңғыстау.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки