Астанаға мықтылар барады

 Атырау қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы»АҚ-ның –«Атырау бөлімшесі» филиалы кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен  «Қазақстандық салалық-теміржол, автомобиль, әуе су көлігі  қызметкерлерінің кәсіби одағы»ҚБ-нің  25 жылдығына орай шағын футболдан турнир өтті.

 Теміржолшылардың салауатты өмір салтын ұстануын мақсат еткен және  «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе су көлігі  қызметкерлерінің кәсіби одағы»ҚБ-нің  25 жылдығына орай  «Темір жол  футбол лигасының кубогі-2017» атты спорттық шараға атыраулық теміржолшылар 7 команда болып бақ сынасты.

Таратып айтсақ, Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Атырау станциясы, Атырау локомотив пайдалану депосы, Мақат локомотив пайдалану депосы, АқЖайық белгі беру және сигнализация дистанциясы, Атырау элктрмен жабдықтау дистанциясы, Атырау вагон пайдалану дистанциясы және «Вагон-сервис» командаларының қатысумен өткен турнирдің ашылу салтанатында Атырау жүк тасымалы  бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы  Орынбасар Райсов салауатты өмір салтын сақтауды үнемі назарда ұстанатын атыраулық теміржолшыларға жеңіс тіледі.   

Жасыл алаңда әдемі ойын өрнегін салған жеті команда өз мекемелерінің абыройлы жеңісі үшін барлық күш-жігерін салып ойнады. Барлық команда тыңғылықты дайындықтарын көрсетті. 

 Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Атырау станциясы, 2 жүлделі орынды Атырау локомотив пайдалану депосы , 3 орынды Мақат локомотив пайдалану депосы иеленді. Жүлделі орын алған командалар аранйы дипломдармен марапатталды. Енді жеңімпаз үш команда ойыншыларынан  «Атырау» құрама командасын жасақтап, қыркүйек айының 20 күні Ақтөбе қаласында өтетін батыс аймақтық турнирге баратын болады.  Ал  Батыс аймақтан 1 орын алған команда Астана қаласында өтетін  финалдық ойынға жолдама алады.

Турнирді өткізу шығындарын  Атырау аймақтық кәсіподақ мекемелері өз жауапкершіліктеріне алған. 

Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки