Емтихан алдындағы дайындық

Қызылордада өткен жастар тренинг-семинары  екі күнге созылды. Қорытындысын алдағы күзде өтетін Республикалық жастар форумында белгілі болмақ. Демек, аймақтарда өтіп жатқан тренингтер үлкен емтиханға дайындық деп бағалауға болады.

  «Болашақ басқарушылар» және «Менеджмент жобасы» тақырыптары аясында ұйымдастырылған семинар-тренингтің өткізілуіне Ұлттық компания басшылығы ұйытқы болса, арнайы шақырылған тәжірибелі тренерлер аймақ жастарының алдағы уақытта уақытты үнемдеу, ұжыммен жұмыс жасау, ситуациялы мәселелерді шешу жолдарын үйретіп, тәжірибе жиып, көпшілікпен жұмыс жасау әдістерін көрсетіп, жаңа жобалар дайындаудың сан түрлі әдістерінен дәріс беріп, шыңдалу сабақтарын жүргізді.

Екі бағытта жүргізілген жастар форумында «Болашақ басқарушылар» жобасы саланың алдағы уақытта тізгінін ұстаушы тұлғалардың қалыптасуына мүмкіндік жасау және де өз ісін жан-жақты меңгерген, кез-келген қиын жағдайлардан ұжымын адастырмай алып шыға алатын басшы тұлғалардың қалыптасуы мен бейімделуге баулу мақсатын көздейді. Ал «Менеджмент жобасында» аймақтың теміржолшы жастардың өндіріске тиімді, саланың алға жылжуына әсер беретін көпшілікке де, компанияға да оңтайлы жобаларды дайындау тәсілдерін үйретті.

–Сыр бойындағы теміржолшы жастардың жаңалыққа құштарлығы, өз ойын еркін жеткізіп, екі жобада да түрлі ұсыныстар айтып, тың жобаларды ұсынуы біздерді де, дәріс өткізген тренерлерді де таң қалдыруда. Аймақ жастарының алғырлығы, кәсіби маман болып қалыптасуда беделді тренерлерден өздеріне керекті мағлұматтар сұрап, оларды жиі мазалауы да өңір жастарының өзге аймақтарға қарағанда белсенді екендігін аңғартады. Екі күн ішінде олармен еркін араласқан біздер, бұрыннан таныс кісісілердей, жатырқаспай жақын болып кеттік. Болашақ басқарушылардың тобын жасақтау, жастарды табысты жұмыс жасауға даярлау, жастардың бос уақыттарын қызықты да көңілді өткізуіне ықпал етуді көздеген екі күндік семинар жұмысының қорытындысын алдағы күзде өтетін өтетін Республикалық жастар форумында анықтайтын боламыз әрі олар кадрлар резервіне тіркелетін болады. Оған осы бүгін дайындалған жобалардың ең үздігін әзірлеген жастар тобы жолдама алады. Үздіктерге даярланған тосынсыйдың бәрі сол форумда беріледі, ал бүгін тренингке қатысқанын растайтын  арнайы сертификаттар берілді, – деді қызылордалық жастардың екі күнгі жұмысына куә болған «ҚТЖ» ҰК» АҚ … адам ресурстары департаментінің менеджері Назира Бердібекова.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки