Естен кетпес сапар болды…

ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға аттанған қызылордалық теміржолшылардың балалары елордадан шат-шадыман көңіл-күймен оралды.

Балалар өздерін вокзалдан күтіп алған ата-аналарына  алған әсерлерімен бөлісіп, көрмеде көрген қызықтарын айтып тауыса алмауда. Балалардың сапары 10-14 тамыз аралығында Қызылорда облысының Астана қаласында өткен күндерімен сәйкес келген.

– ЭКСПО-2017 көрмесінде түрлі елдердің жетістіктерін көріп таң қалдық. Бізге «Нұрлы әлем» павильоны, «Ғарыш қуаты көрсетілімі» қуаттың үнемделуі мен таратылуы жайлы ойлар айрықша әсер қалдырды, – деп әсерімен бөлісті Ақмарал Көпжасарова.

–Маған ЭКСПО-дағы тематикалық павильондар ұнады. Ал Жапония, Үндістан, Израил елдерінің көрмеге ұсынған дүниелері ерекшелігімен қызықтырса, ата-аналарымыз теміржолшы болғандықтан «ҚТЖ» ұлттық компаниясының көрмесін қуана тамашаладық, – дейді Нурила Әбілда.

Осылай, Болашақтың энергиясы тақырыбымен әлем назарын өзін аудартқан Астана көрмесінен жел, су көзерінен энергия алу жолдарын естіп, көріп, ұғынып келген жеткіншектер білім көкжиегін де кеңейткенін байқауға болады. Ата-аналар балаларға осынша керемет әсер сыйлаған сапар үшін ҚТЖ-Жүк тасымалы басшылығы мен кәсіподағына алғыстарын білдірді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки