Алматы – Ташкент пойызы жүреді

Сәуірден бастап Шымкенттен шығатын «Отырар» жолаушылар пойызының кестесімен Алматы – Ташкент арасына «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жолаушылар пойызы қатынамақ.

4 KZ А маркалы отандық электровоздың тартымымен жүретін жүрдек пойызды тасымалдауға аймақтағы локомотив бригадалары дайындалуда.

 – Шымкент локомотив айналым депосының машинистері аталған пойызды Тараздан қабылдап, Шымкентке жеткізеді. Он минуттың ішінде локомотив бригадалары ауысып, келесі машинистер Сарыағашқа дейін барады. Шекаралық бекетте біздің локомотив ағытылып, өзбектер өз локомотивтерін жалғап, Ташкентке алып кетеді. Ташкентте тексеруі мен демалуы 4 сағатты құрайды. Ол уақытта біздің машинистер тынығып, қайтадан сол құрамды күтіп алып, кері қарай қайтады, – дейді Арыс локомотив пайдалану депосының директоры Қалдыхан Өтегенов.

Аталған жолаушылар пойызын жүргізу мәселесі Елбасының 2015 жылы Өзбекстанға барған сапарында көтеріліп, 2016 жылы қолға алынатын болған. Алайда сәті енді түскендей. Депо директорының айтуынша, барыс-келіспен қатар, сауда-саттық артып, Алматыдай үлкен шаһарда көкөніс арзандауы мүмкін. Себебі, әр адамға 36 келіден жүк артуға рұқсат берілген, әрі жүк багажына арналған вагон тіркеледі.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки