Күзет сарбаздарына құрмет

Әскерилендірілген күзет қызметінің Қызылорда атқыштар командасы жалпы теміржол күзетінің 95 жылдығы мен «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ құрылуының 15 жыл толу мерекесін атап өтті.

Онда еңбегімен ерекшеленіп дараланған  он шақты күзет сарбазы марапатталды. Қазіргі таңда «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Шымкент қаласы филиалының Қызылорда атқыштар командасы болып жұмыс жасап келе жатқан атқыштар командасының мерекесін акционерлік қоғам мен Жүк тасымалы бөлімшесі басшылығы, партияның «Теміржол» филиалы және «Көліккәсіподағы» ұйымдары құттықтай келіп, игі тілектерін арнады. Команда бастығы атқарылған жұмыстарға сараптама жасаса, бөлімше басшысы сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бағдарын әңгімеледі. Және де еңбек озаттарын марапаттау шаралары алдағы күндерде де жалғасатыны сөз болды.

Қоскөл мен Түркістан станциялары арасындағы 1060 шақырымдық телімдерде қозғалыс пен жүк қауіпсіздігінің сақталуына қамтамасыз ететін біздің әскерилендірілген күзет сарбаздары кәсіби міндеттерін адал атқарып келеді. Ағымдағы жылы күзет ұжымы тарапынан жылжымалы құрамдарға тиелген жүктердің қолды болуы жағдайы орын алған жоқ. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жақсы жетістіктермен қарсы алғалы отырған ұжымды құттықтап, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деді күзет сарбаздарын қос мерекемен құттықтаған «Қызылорда-жүк тасымалы» бөлімшесі директоры Аманкелді Қонысбаев.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

 

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки