Конвенциялық тыйым нәтиже беруде

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Қазақстанның магистральдық жолдарында жүк тиеуге сұраныс болмай, бостан босқа орын алып тұрған шетелдік бос вагондар саны 1,6 мың бірлікке қысқарды. 

Еске сала кетсек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ биылғы жылдың 15 желтоқсанында шетелдік теміржол әкімшіліктерінің ашық вагондары мен астықтасушы-вагондарына, барлық жеке және жалға алынған бос жабық вагондарына тасымалдауға конвенциялық тыйым салған болатын. Нәтижесінде шетелдік бос вагондар саны кеміді. 

Ал конвенциялық тыйым салынғанға дейін Қазақстан теміржолдарында 48,6 мың бос шетелдік вагон бар еді. 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов, жылжымалы құрамның профициті темір жолдың өткізу мүмкіндігіне теріс әсер етіп, пойыздар қозғалысын баяулататынын айтады. Вагондар тиімді тапсырыстарды күтіп, жол бойында ұзақ уақыт тұрып қалуы ықтимал. Осыған байланысты жүк жөнелтушілерден түскен шағымдар саны өскен, олар жүкті қажетті мөлшерде және станцияға мәлімделген мерзімге шығаруда қиындық көріп отырғандарына шағымданған. Десе де, ел темір жолдарында бос тұрған вагондар саны 47 мың бірлікті құрап отыр. 

Алашанькоу станциясында да жүк түсірілімін күтіп тұрған жабық вагондар саны төмендеп келе жатқаны байқалады. 19 желтоқсандағы дерек бойынша 185 вагон жүк түсіру кезегін күтіп тұр, ал жиырма күн бұрын олардың саны 377 вагонға жетіп жығылған болатын. 

Осы ретте атап өтерлігі, Ұлттық компания жүктердің діттеген жеріне уақытылы жеткізілуі үшін пойыздық және маневрлік жұмыстарды жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастырмақ.