2 жасар сәбиді басып кетті

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

«Ажал мен апат айтып келмейді» деген қауіп-қатері мол теміржол саласында аса өзекті. Өкінішке орай, бұл жолы оның құрбаны – 2 жасар сәби. Қазығұрт станциясында екі жастағы сәбидің вагон астына түсіп мерт болғаны естіген жанның төбе шашын тік тұрғызғаны анық.

«Бұл – ата-ана үшін орны толмас қайғы. Баладан айырылудан асқан қайғы да, қасірет те жоқ. 2020 жылдың 18 желтоқсанында сағат 16:35-те жүк тасымалының Шымкент бөлімшесіне қарасты Қазығұрт станциясында вагондардың астымен жүрген 2 жасар сәби ауыр жарақаттан көз жұмды. Қайғылы оқиға маневр жұмыстары барысында болған. Оқиғаның барлық мән-жайын арнаулы құрылған комиссия анықтайтын болады» делінген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясы таратқан ақпаратта. 

Ажал ғой дерсіз, бәлкім, бірақ... әлі есін де білмейтін екі жастағы сәби маневрлық жұмыстар жүріп жатқан аса қауіпті өндірістік аймақта неге қараусыз жүрді? Кім оған жол берді? Әттең... әттеңмен қатар көкейде осындай сансыз сұрақтар қалды.