«Жыл волонтері-2020" жеңімпаздары

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

Биыл Қазақстанда Мемлекет басшысының ұсынысымен  жарияланған Еріктілер жылы мәреге жетуге жақын.  

5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне орай жер-жерде қайырымдылықты ту еткен  жандардың еңбегін елеп, марапаттау бастау алды. Күні кеше Samruk-Kazyna Trust жыл бойы еріктілер арасында өткен конкурс қорытындысын шығарды.  

О н д а ж ү л д е л і о р ы н д а р д ы «Қазақстан темір жолы» ұлттық  компаниясының еріктілері ием- денгенін хабарлаған болатынбыз.

Бұл үрдіс аймақтарда да жалғасын табуда. Еріктілер жылының ресми жабылуына орай күні кеше Ақтөбе қаласында «Жыл волонтері – 2020» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.  

Үздік волонтерлердің алғы шебінде әрине, теміржолшылар да бар.  

Теміржолшы жастар қиын-қыстау сәтте мұқтаж отбасыларға көмек  көрсетіп, қарттар мен көпбалалы аналарға жан-жақты қолдау білдіріп  жүр. Әсіресе, олардың белсенділігі  коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты - енгізілген төтенше жағдай кезінде  ерекше байқалды. «Біз біргеміз»,  «Мақтаралға көмек», «Жеңіске – 75  жыл» акцияларының бел ортасында жүрген теміржолшы жастар әлеуметтік әлсіз отбасыларға азық-түлік жеткізу, медициналық маскалар таратумен қатар, соңғы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау шараларына да қатысып жүр. Жергілікті әкімдік және полиция қызметкерлерімен  теміржолшылар арасында бірлескен жұмыстар әлі күнге жалғасуда.  

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін  кеңейту және халықты құқықтық  тәртіпті қорғауға тарту мақсатында,  «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Вагон Сервис» ЖШС, Ақтөбе жүк тасымалы және Магистральдық желі бөлімшелері, Көлік және коммуникация колледжі еңбек ұжымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.  

Қоғамдық жұмысқа белсенді араласқан теміржолшылар еңбегін  облыс әкімі мен өңірдің бас полицейі ерекше атап өтіп, белсенді  азаматтық ұстанымдары және ішкі  істер органдарына қоғамдық тәртіпті  қорғау және қамтамасыз ету ісіне  көмек көрсеткені үшін алғысын  білдірді. «Жұмыстан тыс уақыт тауып, волонтерлікпен айналысқан  теміржолшылар Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті. Қайырым мен мейірімнің қаншалықты маңызды екенін ұғындырды», – деді облыс әкімі.  

« Ү ш а й д а н б е р і п о л и ц и я қызметкерлерімен бірге қоғамдық  қауіпсіздікті бақылау жұмыстарына  қатысамыз. Кешкілік сағат 19:00-ден бастап түнгі 11:00-ге дейін теміржол аймағында қауіпсіздікті бақылап,  патрульдік жұмысқа шығамыз.  

Қоғамдық тәртіпті қорғауға және ішкі істер органдарына құқық  бұзушылықтардың алдын алуға  жәрдемдесуге дайынбыз», – дейді Ақтөбе станциясының инженері  Тимур Хожаев. Марапатталғандар қатарында сонымен қатар ақтөбелік  жас теміржолшылар Қуанышбай Ермаханов, Дәулет Мырзаділовтер бар.