Жуу камерасы ашылды

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Атбасар электровоз жөндеу зауытында «Қамқор Локомотив» ЖШС-ның Қамқор GREEN экологиялық бағдарламасы шеңберінде жуу камерасы ашылды. 

Онда Kercher компаниясының өнімі болып табылатын кір жуғыш машинаның көмегімен НБ-418кб, ЭД-118А типіндегі электр машиналар цехының тартымдық электр қозғалтқыштары жуылады. Бұл жоба компанияның энергия ресурстарын қамтамасыз ету және камераның ішінде адамның қатысуынсыз жууды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр. 

Сондай-ақ, осы жобада тартымдық электр қозғалтқышын жуғаннан кейін пайдаланылған суды айналымға енгізу жүйесі де қарастырылған. Ал жуу бөлімін жаңғырту қандай нәтижелер беріп отыр дейтін болсақ, біріншіден, тартымдық электр қозғалтқыштарын жуу бөлшектердің сапасын жақсартады. Екіншіден, энергия ресурстары мен суды тұтыну азаяды, үшінші уақыт үнемділігі. Сондай-ақ, бөлшектерді тазалап жууға адамдардың араласпауы. Бұл өз кезегінде жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.