Қылмыстың ұсақ-түйегі жоқ

Өткен аптада Тараз станциясында Желілік полиция бөлімі қызмет көрсету аумағында кең көлемді «Жасөспірім» жеделпрофилактикалық іс-шарасын өткізді. 

Оған жергілікті теміржолшылармен қатар, Жамбыл көлік прокуратурасы мен «Нұр Отан» партиясының филиалы, білім беру орындарының және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, еріктілер де атсалысты.

«Бұл іс-шара кәмелетке толмағандарға, оның ішінде топтап жасаған қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Қылмыстың үлкенкішісі, ұсақ-түйегі жоқ, бұзақылық, тонау, ұрлық, қорқытып алу сынды құқықбұзушылықтардың соңы кейде қайғылы жағдайға да ұласып жататыны жасырын емес. Сонымен қатар профилактикалық жиын кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуна, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс және ойын сауық-орындарына баруына, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сату фактілерінің орын алуына жол бермеуді мақсат ететін шара барысында жсөспірімдермен жан-жақты жұмыс жүргіздік», – деді бөлім инспекторы, полиция капитаны Лаура Көпбаева. 

Шара барысында кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды тәркілеу, сондай-ақ оларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін таныстырып, түсіндіру жұмыстары да орындалды.