Жақында Маңғыстау станциясының теміржол вокзалына келіп-кетіп жатқан халықпен «Вокзалдағы қабылдау» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған профилактикалық іс шара көші-қон заңнамасын және шетел азаматтарының Қазақстанда жүріп-тұруы туралы қағидасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу мақсатында өткізілді.
Оған Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің бірінші орынбасары Р.Шманов және бөлімнің әкімшілік полиция бөлімшесінің, көші-қон қызметі тобының, «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалы өкілдері мен вокзал қызметкерлері қатысты.
− Кездесу барысында вокзалдағы жолаушылар көшіқон заңнамасында жаңалықтардан хабардар етіп, шетелдіктердің елімізге келу және жүріп тұру тәртібі туралы ақпарат бердік. Құзыретті орган өкілдері өздеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, жолаушыларға қажетті мағлұматтармен бөлісті, – дейді бұл туралы Маңғыстау станциясындағы жергілікті полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының аға инспекторы Э.Исламов.