Түркістаннан Ташкентке жаңа туристік бағыттар ашылады

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Елімізде Түркістаннан Ташкентке темір жол салынып, жаңа туристік бағыттар ашылады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде айтты. 

 «Қазірдің өзінде Түркістанға 200 мыңдай адам барады. Жол жоқ болса да, қонақүй болмаса да солай. Биыл дүниежүзілік стандартқа сай әуежайды салдырдық. 

Қандай үлкен ұшақ болса да қондыра алады. 3 млн-ға жақын қонақтарды қарсы ала алады. Соның арқасында келем деп отырған түркітектес ағайындар жететін болады. Қазір көршілермен Түркістаннан Ташкентке теміржол салу жөнінде сөйлесіп жатырмыз, оны да шешеміз», – деді Елбасы.

Оның айтуынша, сонда Самарқан, Бұқара, Ташкент, Шымкент, Түркістан қалаларынан үлкен шеңбер жасалып, туристік жол ашылады. Санақ бойынша 2025-2030 жылға қарай 3,5 млн халық келуі керек.