Ағымдағы жылдың 25-27 қараша аралығында Алматы-1 станциясындағы Желілік полиция басқармасы өз қызмет көрсету аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірім қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі өнімдерін сату фактілерін, олардың заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайдан тысқары жерлерде болуын анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасауға бейімдейтін тұлғаларды анықтау.
Іс-шара барысында ювеналдық полиция тобы инспекторлары тарапынан рейдтік шаралар жүргізіліп, кешкі уақытта ата-аналарының қадағалауынсыз жүрген 5 жасөспірім анықталды. Сонымен қатар жасөспірімдер тарапынан теміржолдан белгіленбеген жерден өту фактілері де тіркелді.
Екі күн жасөспірімдермен жұмыс жүргізген тәртіп сақшылары мектептерде кезекші сыныптар сабақ оқи бастағандықтан «балалардың жарақат алуы, теміржол арқылы өту ережесі» тақырыптарында теміржолға жақын орналасқан елдімекендер тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.