Шымкент теміржол вокзалында «Жасөспірім» жедел профилактикалық акция өткізілді

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Қараша айының соңғы апталарында Шымкент станциясы маңайы мен теміржол вокзалында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға станция қызметкерлерімен бірге Шымкент станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету учаскесі де қатысты. 

Шара барысында вокзал перронында түнгі уақытта жолсеріктер мен жолаушылар арасында кездесулер өткізіп, «Абайлаңыз, поезд!», «Теміржол – қауіпті аймақ» атты тақырыпта профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасыратыны жоқ, теміржол тәртібін бұзушылар «тәртіп сақшысын» көрген кезде ғана аяқ тартатын көрінеді, сондықтан теміржолшылар бірлескен шаралар өткізуге бейілді. 

Аталған шараның мақсаты – теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Сонымен қатар, олар тек вокзалда ғана емес, станция мен теміржол маңына жақын орналасқан мектеп оқушыларымен де кездесу өткізді. Оқушыларға теміржолдың қандай қауіпті екенін түсіндірірп, тек белгіленген жолақ арқылы немесе көпір арқылы өтуге болатынын, ол қай жерде, қалай өтеді, тәптіштей түсіндірді. Атааналардан балаларын көзден таса қылмай, қайда жүріп-тұрғанын біліп отырулары ескертілді.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Шарипа Сыздықова «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында өткен қауіпсіздік сабағы мектеп оқушыларына қызық болғанын айтады. Олар көп сұрақ қойып, көп нәрсені білуге тырысқан.