Ғасыр құрылысы - арнайы мүйісте

Куаныш Кожаев

Куаныш Кожаев

Түрксіб құрылысының 90 жылдығына орай Семей ЖТ бөлімшесінің бас ғимаратында кәсіподақ ұйымының қолға алуымен арнайы стенд әзірленді. Ғасыр құрылысының танымдық мәні бар мүйіске тақырып аясындағы көрнекіліктер қойылған. 

Оған жазғы мезгілде ұйымдастырылып, алайда карантиндік шектеулерге байланысты қорытынды нәтижесі біршама кешеуілдеп шыққан теміржолшылар балаларының Түрксіб құрылысына арналған сурет салу байқауы жеңімпаздарының туындылары ілінген. 

Сонымен қатар, бөлімшенің бас инженері Самат Төлеповтың бастамасы бойынша желі бойындағы барлық деполар мен еншілес мекемелерде де Түрксібтің 90 жылдығына орай арнайы құрмет тақталары, фотокөрмелер, стендтер әзірленген. 

– Жыл басындағы шаралар нәтижелі жүргізілді. Әсіресе, Түрксіб тарихынан сыр шертетін мұражайларды жаңарту жұмыстарын аяқтадық. Аталмыш бағыттағы шаралар аясында Түрксібтің төл туындысы Аягөздегі локомотив пайдалану депосының ғимараты қайта жаңғыртылды. 

Сонымен қатар, бөлімшеге қарасты байырғы Түрксіб магистралінің бойындағы барлық станцияларда арнайы мүйістер ашылды. Оған қосымша Түрксіб тарихы, ардагерлердің өмірбаяндары фотосуреттерімен жинақталды, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей ЖТ бөлімшесінің бас инженері Самат Қашқымбекұлы. 

Қазіргі таңда алдағы желтоқсан айында өтетін халықаралық конференцияға орай деректі бейнефильмдер мен ардагерлердің құттықтау лебіздері әзірленуде. 

Аталмыш бағыттағы шараларға теміржолшылардың кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов та жетекшілік етеді. 

Мерейтойға әзірлік жыл бойы жүргізілгенімен алдағы уақытта да бірқатар іс-шаралар бар. Бұл ретте жұмыс барысы, тапсырмалардың орындалуы бөлімше басшысы Сиязбек Әлішевтің де назарында тұр.

подписка на казахском