Заң - баршаға ортақ

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Теміржол көлігімен тек жүк тасымалданбайды, жолаушылар да діттеген жеріне пойыз арқылы жетіп жатады. Осы орайда, жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі, жол жүру мәдениеті мен заң ережелерін сақтау баршаға ортақ екені айтпасақ та белгілі. 

Жуырда Шымкент станциясында теміржол вокзалының бір топ қызметкерлері қалалық көлік прокуратурасы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесіп, №86 «Астана-Сарыағаш» бағытындағы жолаушылар пойызында рейд өткізді. 

Жиынның мақсаты – халыққа және шетел азаматтарына көші-қон заңнамасы мен шетел азаматтарының жүріп-тұруы туралы қағидаларды егжей-тегжей түсіндірілді. Сонымен қатар, теміржолшылар мен көлік прокуратурасының өкілдері пойыздағы жолаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу туралы келеңсіздіктерге ұрынбауға шақырды. 

«Заң бәріне ортақ. Көші-қон заңнамасы мен шетел азаматтары да еліміздегі тәртіпке бағынуы тиіс. Сондайақ, жолаушыларға теміржолдың қауіпті аймақ екендігін ескерте отырып, өзгелердің құқы мен мүлкіне қол салмауының алдын алу үшін вокзалдарда, халық көп жиналатын жерлерде үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізіп жатырмыз», – деді Шымкент станциясы ЖПБ көші-қон қызмет тобының инспекторы полиция майоры Қ.Алимбаев.