«Нұрлы жол» теміржол вокзалы - Қазақстанның бас қақпасы

«Нұрлы жол» теміржол вокзалы – еліміздің бас қақпасы. Вокзал ТМД елдері арасында көлемі мен сапасы бойынша үздік деп танылды. Вокзал ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне ашылып, көрме кезінде 2 млн жолаушыға қызмет көрсетіп үлгерген.

Вокзал бір жылда 12 млн адам қабылдай алады, бір күн ішінде кешеннен қызмет алатын жолаушылар саны 35 мың адамға жетеді.

Аумағы 126 мың шаршы метр алты деңгейлі ғимаратқа 8 зал мен 2100 орын сыйып тұр. Ғимаратта сондай-ақ, 27 лифт пен 64 экскалатор бар, сондай-ақ, вокзал 176 мониторингтен ақпарат таратады.

«Нұрлы жолда» өте қатаң іріктеуден өткен қызметкерлер сіздерге қызмет көрсетеді. Олардың 70% жуығы үш тілді білетін мамандар.

Сонымен қатар, вокзалда ана мен бала бөлмесі мен үлкен балалар ойнайтын ойын алаңы бар.

Бұдан өзге, вокзал ішінде интернет, азық-түлік дүкендері, дәріхана, кез келген тамақты ұсына алатын дәмхана бар.

Транзит арқылы өтетін жолаушылар үшін капсулды қонақ үй бар, жуырда ғана мамандандырылған ХҚО ашылды.

«Нұрлы жол» вокзалы сіздер үшін жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат ашық тұрады.