Оралда 8 жылқыны пойыз қағып кетті

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Оралда темір жол бойына шығып кеткен 8 жылқыны пойыз қағып кетті. Тәртіп сақшылары мал иесін іздеп, олар Батыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғынына тиесілі екенін анықтады. 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдемесі бойынша, биыл 11 қарашада сағат 22.35-те Орал станциясы полициясының желілік бөліміне «Пепел» бекетінде жүк пойызының машинисі теміржол бойында жайылып жүрген жылқыларды көріп, оларды соғудың алдын алу үшін шұғыл тежеуішті басқаны хабарланған. Алайда, жүк пойызы малдарды қағып барып, 14 минутта тоқтаған. Оқиға салдарынан 8 жылқы да өлген. Бұл оқиға соңында ҚР ӘқБК-нің 559-бабы, 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес, яғни «Темiржол арқылы атарба көлігімен, шаналармен өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу» тармағы бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жылқының иесіне айыппұл салынды.