Транзит екі есеге артты

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

Биыл Ақтөбе аймағы бойынша тоғыз айда 1477 контейнерлік пойыздың өткізілімі ұйымдастырылған. Пойыздар қозғалысының орташа жылдамдығы тәулігіне 1256 км құрап, жоспар 100,1% орындалды. Сонымен қатар Орал, Илецк арқылы өтетін транзиттік тасымал көрсеткіші де көңіл көншітеді. 

Қытай мен Еуропа арасында тауарлар мен жүк тасымалын қамтамасыз ететін жүк пойыздары тек елдің ішкі саясатына ғана емес, сонымен қатар халықаралық саясатта үлкен маңызға ие. Еуропаға дейін созылған теміржол қатынасы елдің экономикалық әлеуетін арттырып отыр. Қазір еліміз шетелдің алпауыт компанияларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, тауарларды тиісті мерзімде жеткізудің сервистік сапалы қызметін бір ізге қойды. Бұл өз кезегінде отандық және халықаралық жүк жөнелтушілерге көліклогистикалық қызмет түрін тұтынушыларға сапалы жеткізудің барлық жағдайы жасалуда. 

Ақтөбе аймағы бойынша да транзиттік тасымал жыл санап артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда өңірде контейнерлік пойыздардың өтуі екі есеге артқанын көрсетеді. Өткен жылы Ақтөбе аумағынан тәулігіне 1255 км жылдамдықпен 760 контейнерлік пойыз өтсе, биыл ол 1477-ге жетіп отыр. 

Ал Орал аймағы бойынша тоғыз айда тәулігіне 658 км жылдамдықпен 1371 контейнерлік пойыз өткен. 

Илецк торабы да бұл көрсеткіште оң нәтижеге жетті. 

Биыл 526,0 км/сағ жылдамдықпен Қытай-ЕуропаҚытай бағыты бойынша 1107 контейнерлік пойыз өтті. Сонымен қатар Қытай-Ресей-Қытай бағыты бойынша маршрут жылдамдығы тәулігіне 1182,1 км болатын 264 пойыз өткен. 

Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің мәліметінше, 2019 жылдың осы кезеңінде контейнерлік пойыздардың жүрісі 654 пойызға ұлғайтылған. Қазір облыс аумағында ғана емес, еліміз бойынша контейнерлік пойыздардың бағдарлық жылдамдығын арттыруға бағытталған бірқатар жұмыстар қолға алынған. Контейнерлік пойыздардың жол үстінде аялдауы, локомотивтерді ауыстыру және техникалық бақылау жүргізу уақыттары қысқартылған. Бұл жұмыстар жылжымалы құрам мен инфрақұрылымды пайдалану шығынын азайтады. Барлық шаралар Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк ағынын ұйымдастыру тиімділігін арттыруға септік етеді. 

Сонымен қатар Ақтөбе филиалында ұйымдастырылған қатты отын тасымалдау мөлшерлемесі де жоспарға сай. 2020 жылдың 9 айында 2 671 вагон, 184 526 тонна көмір жеткізілген. Оның ішінде 142 642 тонна өндіріс орындарына, 13 670 тонна коммерциялық және 21 475 тонна бюджеттік мекемелерге жеткізілген. Теміржол мекемелеріне 4991 тонна көмір жеткізілді.