Жамбыл - химия өнеркәсібінің отаны

Асхат Райқұл

Асхат Райқұл

Жамбылды химия өнеркәсібінің отаны деп атайды. Сондықтан Жамбыл ЖТ бөлімшесінің де негізгі жүк тасымалын өңірдегі фосфор өндіретін  алпауыт компаниялардың өнімдері құрайды. Өнімнің дені алыс-жақын шет елдерге экспортқа жөнелтіледі. 

Әлемдік пандемия кесірінен қалыптасып отырған қиындықкедергілерге қарамастан биылғы жылдың тоғыз айында бөлімшенің жүк айналымы 21968 мың тонна километрді құрап, өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі 20 068 мың тонна/км көрсеткіштен асып отыр. 

Жоспар 105,2 пайызға орындалған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, облыс аумағында тиелетін жүктің 70 пайызын өңірдегі алпауыт компания «Казфосфат» ЖШС өндіретін химия өнімдері құрап отыр. Жүк тиеу жөніндегі тәуліктік жоспар 363 вагон болса, бізде 367 вагонға жүк тиелген. Вагондарға тәулігіне 2 540 тоннаның орнына 2 627 тонна жүк артылуда екен. Тек Жамбыл станциясы емес, өңірдегі іріліұсақты станция-бекеттер де фосфор өнімдерін тиеп, жөнелтумен айналысады.