Табиғи ресурстар сақталуын көздейді

Асхат Райқұл

Асхат Райқұл

Тараз станциясы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері өздерінің бақылау аумағында «Браконьер» өңірлік жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде. 

Биылғы 12 қазан күні басталған рейд 11 қараша күні аяқталмақ. Желілік полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Мақсұт Тазабековтің айтуынша, сақшылар осы шара арқылы Президент Қ.Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды орындауды мақсат етеді. 

«Біз жедел профилактикалық жиын аясында арнайы операциялар ұйымдастырып, браконьерлікті, биологиялық ресурстар нысандарының заңсыз айналымын анықтаймыз және олардың жолын кесеміз. 

Сонымен қатар, экологиялық қылмыстарды да ашуға үлес қосамыз. Мәселен, қазіргі кезде Талас өзенінің үстіндегі темір жол көпірінің аумағында рейдтер жүргізіп, заңсыз балық аулау, аң-құс ату, табиғатта қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау деректерін анықтаудамыз», – дейді М.Тазабеков.