«KTZ HSE» нұсқасына 2209 адам тіргелген

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде қосалқы-көмекші қызметінен табыс жоспар бойынша биыл 68 млн 451 мың теңге көзделген екен. Ал іс жүзінде 115 млн 860 мың теңгені құрап, 47 млн 409 мың теңгеге артығымен орындалған.

Осы орайда, Шымкент жүк тасымалы алдағы уақытта орындалуы тиіс мақсаттарын айқындап алды. Атап айтқанда, (ТОР) жоспар бойынша 62 млн 696 мың теңге, орындалғаны 90 млн 545 мың теңге. Бұған ағымдағы ағытпалы жөндеу көлемінің 1070 вагонға дейін ұлғаюы себеп болған (жоспар бойынша 2094 вагонның орнына 3164 вагон). 

Тауарлық кассирлер мен жүк қабылдаушылардың қызмет көрсетуі және «КАС-бетон» ЖШС багажының есебінен кіріс сомасы 4 млн 495 мың теңгеге көбейген. 

Ғимараттарды жалға беру – 4 млн 66 мың теңге жоспарланғанымен 4 млн 866 мың теңге, яғни 800 мың теңгеге артығымен орындалды. Бұған қосымша бекітілген келісімшарттар арқылы қол жеткізілген. 

Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда табыс 4 млн 380 мың теңге болған. Бұған 622 вагонның азаюы себеп болыпты. 2019 жылы 3786 вагон болған. 

Еңбек шарты бойынша жоспарға келсек, Шымкент жүк тасымалы берген мәлімет бойынша 3417 бірлік бекітілген. Штатта 27 адам артығымен алынған. 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап штаттық кестеге сәйкес 3514 бірлік болуы тиіс. 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызмет тиімділігін жоғарылату іс-шараларына сәйкес кейбір лауазымдар оңтайландырылып, шаруашылық цех, қызметтік ғимараттың тазалаушылары, жүргізуші, күзетші, локомотив бригадасының кезекші демалыс үйі, арнайы киімді жөндеушілер мен жуушылар, т.б. аутсорсингке ауыстырылды. Яғни жоғарыда аталған лауазымдар осы жылдың 1 шілдесінен бастап аутсорсингке ауыстырылған. Сол себепті штаттық лауазымдар сақталып қалып, бірақ еңбек бойынша жоспарға алынбаған. Сонымен, 2019 жылға қарағанда штат саны 95 бірлікке азайды. Ал еңбек өнімділігі 108% орындалды. Өнімділіктің артуына тауар айналымының 368,6 млн ткм неттоға жетуі әсер еткен. 

Теміржолшылар Шымкент қаласындағы көліктіклогистикалық орталықтың өкілдерімен бірлесіп, вагон айналымын көбейту үшін жүк артушылар және жүк алушылармен жиын өткізгені де тиімділігін байқатқан. Жарты жылда вагон айналымы 758 вагонды құрап, барлық қоймалар 100% толы болған. 

Сонымен қатар, Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бойынша «Қауіпсіздіктің іс-әрекет диалогы» мобильді қосымшасы енгізілуде. Мұндағы мақсат – барлық басшылар мен мамандар қозғалыс пен еңбек қорғау қауіпсіздігінің бұзылмауына бақылау жасай алу. 

Қазіргі таңда мобильді телефон арқылы «KTZ HSE» автоматтандырылған өндірістік қауіпсіздік жүйесі нұсқасына 2209 адам тіркелген.