Жылжымалы құрам - қыс маусымында

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Жылдағы дәстүр бойынша локомотив пайдалану деполарында вагон шаруашылығы өкілдерінің қатысуымен қыс маусымында қалтқысыз қызмет етуі үшін жылжымалы құрамның автотежегіш жабдығын дайындауға қатысты конференция өтті. 

Мұндай кездесулердің басты міндеті – қатал маусымда пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәселелерді талқылау, яғни табиғаттың қатал мінезді мезгілінің сынағынан сүрінбей өту. 

Конференция күзгі комиссиялық байқау шеңберінде өтуде, мақсаты – локомотивтердің техникалық, эстетикалық және өртке қарсы жағдайын, қала берді қыста жұмыс істеуге дайындығын тексеру. 

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты вагон және локомотив қызметкерлері үшін аса маңызды жиын онлайн форматта өтуде. Екі шаруашылықта да «алғашқы қыстаушы» жас машинистер мен вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің пойыз қараушыларына ерекше назар аударылды. Олардың әрқайсысы тәжірибелі маман жанына бекітілген. Сонымен қатар төменгі температура кезінде автотежегіштерді басқару бойынша техникалық сабақтар және автотежегіш жабдықтарының істен шығуын анықтау және жою бойынша практикалық сабақтар өткізілуде. Жаңа қызметкерлерге арналған техникалық сабақтар жоспарына тартымдық жылжымалы құрамды дайындау және пайдалану, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша тақырыптар енгізілген. Биыл оқыту барысында COVID-19 профилактикасына басымдық беріліп отыр. Қыс маусымында жұмыс істеуге өндірістік ғимараттар да дайындалуда, олардың қатарында әкімшілік-тұрмыстық кешендер, санитарлық-техникалық, пайдалану цехтарының ғимараттары және тағы басқалары бар. Локомотив деполарында электрожылжымалы құрамдағы байланыс сымына мұздың қатып қалуына қарсы жұмыс істейтін жабдықтың, яғни вибропантографтардың қызметі тексеріліп, сондайақ, қыста пайдалануға рельсмайлаушылардың дайындығы бойынша жұмыстар жүргізілген.